Латыншаға көшкеннен кейін төлқұжат ауыстыруға тура келе ме?
Бүгін латын әліпбиіне қатысты парламенттегі тыңдау барысында бұл өзгерістің құжат ауыстыруға тигізер әсері де айтылды.
Бұл сұраққа премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев жауап берді.
“Жаңа әліпбиге көшкеннен кейін құжат ауыстыру болады. Қазіргі кездегі қолдарыңыздағы құжаттар мерзімі біткенше жарамды болып саналады”, – деді Досаев.
Шенділердің айтуныша, латын әліпбиі толыққанды мақұлданғаннан кейін барып барлық процестер басталмақ. Бұған дейін елбасы латын әліпбиінің тек қазақ тіліне ғана қатысы бар екенін, орыс тілділер үшін кириллица қала беретінін жариялаған еді.
Сонымен қатар, Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты қызметкерлері мен Шахметов атындағы тілдерді дамыту орталығы мамандары бірлесе отырып, 25 әріптен тұратын латын әліпбиінің нұсқасын ұсынғанын да айта кетейік.
Оқи отырыңыз:
ОҚО-да балабақша қызметкерлері күн көрсетпейтін басшыларының қызметтен кетуін талап етті
8-қабаттан құлап мерт болған Тілеугүлдің жақындары тергеудің сылбыр жүріп жатқанына алаңдаулы
Павлодарлықтар трамвай қағып өлтірген қыздың отбасына жабылып баспана алып бермек