Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лаңкестікке қатысы бар болуы мүмкін: Сириядан оралған қазақстандықтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сириядан қайтарылған қазақстандықтардың жетеуі лаңкестікке қатысы бар болуы мүмкін деп күдіктеліп отыр. Бұл туралы еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Лаңкестікке қатысы бар болуы мүмкін: Сириядан оралған қазақстандықтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сириядан елімізге оралған азаматтар сол елге 2012-2015 жылдар аралығында  Астана, Алматы қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан кеткен көрінеді. Олар дін талаптары сақталған ислам мемлекетінде өмір сүргісі келіпті. Алайда соғыс аумағындағы өмірдің мүлде басқаша екенін көріп, елге қайтуды аңсаған еді.

Кеше «Жусан» операциясының барысында 47 қазақстандық Сириядан елге қайтарылды. Алайда олардың ішіндегі 6 ер адам мен 1 әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар лаңкестікке қатысы бар болуы мүмкін деп күдіктелуде. Бүгінде жетеуіне қатысты тергеу амалдары басталып кетіпті.

ҰҚК мәліметінше, бүгінде Ирак, Ауғанстан, Сирия елдерінде 900-ге жуық қазақстандық қалып отыр. Олардың жартысына жуығы балалар болса, ішінде әйелдер де баршылық екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр