Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қауіпсіздік, дамыған инфрақұрылым мен жайлы аула: Алматылықтар не үшін Lancashire клубтық үйін таңдайды

Клубтық үйлер – элиталы жылжымайтын мүлік түрі. Ал құны оның орналасқан орнына, құрылыста пайдаланылған материалдарға байланысты өзгереді. Мұнда инфрақұрылымнан бастап барлығы егжей-тегжейлі ойластырылады. Қазіргі таңда Алматы қаласында да экологиялық таза аймақта орналасқан клубтық үйлердің саны артты. Солардың бірі – Lancashire кешені. K7 Group компаниясының сәулетшісі Айгерім Ерболқызының сөзінше, бизнес класындағы бұл үйлер керемет пейзажы мен құрылыстың сапасына байланысты сұранысқа ие болып отыр. Оның үстіне жақын арада пәтер кілті иелеріне табысталады екен. Stan.kz тілшісімен сұхбаттасқан сәулетші клубтық үйлердің ерекшелігі жайлы айтып берді. 

ланкашир

Сейсмикалық қауіпсіз құрылыс пен экологиялық таза материалдар

Lancashire кешені Алматының экологиялық таза аймағында орналасқан. Сәйкесінше қалаға және Алатау тауына керемет көрініс ашылады. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Айгерім Ерболқызы жақын арада пәтер иелері жаңа үйлеріне қоныстана алатынын жеткізді. 

ланкашир

"K7 Group құрылыс компаниясы әрбір үйді салу кезінде тұрғындарға ыңғайлы болуын және қоршаған ортаға келетін зиянды азайтуға тырысады. Сондықтан құрылыс кезінде барлық халықаралық және мемлекеттік стандарттарға сай, тексерілген материалдарды қолдандық. Іргетасы аса берік, сейсмикалық тұрғыдан қауіпсіз. Ал үйдің қаңқасы темірбетонды монолит. Сыртқы қабырғасы газобетонды блоктардан қаланды. Дыбысты оқшаулау үшін пәтерлер арасындағы қабырғалар күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған", – деді сәулетші. 

Клубтық үйдің шатырына толыққанды терраса салынған. Сәулетшінің сөзінше, шатыр ашық болғандықтан, пәтерлерге су өтпеуі үшін арнайы жабын төселген. 

"Ең алдымен, арматураны қолдана отырып бетонның алғашқы қабаты құйылды. Бұдан кейін геотекстильді жайма мен ПВХ мембрана төселген. Шатырдан су ақпайтынына көз жеткізу үшін террасаға су жіберіліп, үш күн бойы сынақтан өткізілді. Гидротест кезінде бұл конструкция жақсы көрсеткіш көрсетіп, су ағу байқалмады. Үйге әр беретін негізгі бөлігі – қасбеті. Қасбет әдемі әрі берік болуы шарт, қанша жыл өткенімен, бастапқы кейіпін жоғалтып алмауы керек. Сондықтан қасбетті әрлеуде минералды мақтамен жылытып, HPL панельдермен көркемдеуді жөн деп шештік. Аталған материал экологиялық таза, жел мен суға берік. Қатты дауыл соқса да қасбет жұлынып қалмайды", – деп қосты маман. 

ланкашир

Айгерім Ерболқызы Lancashire клубтық үйі экологиялық таза аймақта, қаланың қарбаласынан тыс жерде орналасқанын айтады. 

"Кез келген тұрғын үйді салар кезде компания тыңғылықты сараптама жүргізіп, болашақ құрылыс алаңын зерттейді. Сонымен қатар ауданның келешекте қалай дамитынын да ескереміз. Тұрғындар үшін қоғамдық көлік қолжетімді болуы қажет. Пәтер сатып алар кезде азаматтар бетпе-бет келетін тағы бір мәселе – көлік тұрағы. Клубтық үйдің тұрғындары бұл проблемаға тап болмауы үшін жерасты тұрағын салдық. Бұдан бөлек қонақтарға арналған жеке тұрақ бар. Үйдің аумағына жедел жәрдем мен өзге де көліктер еш кедергісіз кіре алуы үшін екі қақпа салынған. Қақпадан бөтен көліктер кіре алмайды. Бұл да тұрғындар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып отыр", – дейді ол. 

ланкашир

Клубтық үй ересектер мен кішкентай тұрғындар үшін де жайлы болуы керек

Балалар туралы сөз қозғаған Айгерім Ерболқызы Lancashire аумағында бірнеше ойын алаңқайы, футбол алаңы салынғанын атап өтті. Бизнес класындағы үйдің ауласына көлік кіре алмайды. Сондықтан балалар емін-еркін ойнай алады, дейді Айгерім.
"Көріп тұрғаныңыздай, мұнда ойын алаңқайының бірнеше түрі бар. Тіпті кішкентай тұрғындарымыз үшін скейт және футбол алаңын салдық. Алаңқайлар әр жастағы балаларға арналған деп айтуға болады. Бұдан бөлек шағын архитектуралық формалар орналастырылған. Барлығы экологиялық және қауіпсіз материалдан дайындалды", – деп атап өтті Айгерім Ерболқызы. 

ланкашир

Сонымен қатар клубтық үй аумағында воркаут алаңдары, жүгіруге арналған арнайы жол бар екен. Тіпті тегін фитнес және коворкинг орталығы да іске қосылады. 

"Спортпен шұғылданғысы келген адамдар үшін демалыс аймақтары мен воркаут алаңдары бар. Ал жүгіруге арналған жолға резеңке түйіршіктер төселген. Қажет болса, тұрғындар кешен аумағындағы тегін фитнес пен коворкинг орталығын пайдалана алады. Бұдан бөлек клубтық үйдің ауласына қылқанжапырақты және өзге де ағаш түрлері егілді. Көгалдандырудың жалпы ауданы 1000 шаршы метрге жуық", – деді сәулетші. 

ланкашир

Клубтық үйлер несімен ерекше және қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі

Сәулетші Айгерім Ерболқызы құрылыс компаниясының тұрғындар қалауымен санаса отырып жұмыс істейтінін айтады. Мәселен, клубтық үйден пәтер алғандардың өтінішінен кейін жақын маңда орналасқан электр желісінің орнын ауыстыру туралы шешім қабылданыпты. 

ланкашир

"Біз электр желісін ауыстыруды қолға алған Қазақстандағы алғашқы құрылыс компаниясы атандық деуге болады. Себебі Lancashire үйдің жанынан электр желісі жүргізілген. Бірақ клиенттер қауіпсіздік үшін желіні басқа жерге ауыстыруды өтінді. Бұдан кейін қажетті құжаттарды дайындап, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-дан техникалық шарттарды алдық. Оған сәйкес жаңа бағаналар мен желіні ауыстыру үшін жер телімін сатып алдық. Мердігер компания да жалданды. Тек электр қуатынан ажыратып, желіні басқа жерге ауыстыру жұмыстары ғана қалды", – деп түсіндірді маман. 

ланкашир

Сәулетшінің айтуынша, тұрғын үй кешені аумағында тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзге де шаралар қабылданыпты. Мәселен, әр есікке кодпен және саусақ ізімен ашылатын құлыптар қойылып, үй аумағына камера орнатылған. 

"Клубтық үй аумағы толығымен бейнебақылау камерасымен жабдықталды. Камераны басқаруға арналған арнайы бөлме де бар. Пәтерлерге саусақ ізімен, кілтпен және картамен, құпия сөзбен ашылатын құлып орнатылды. Барлық көлік қақпадан өте алмайды. Бұл үшін рұқсаты болуы керек. Аумақта тәулік бойы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күзет қызметі де бар", – дейді Айгерім Ерболқызы. 

ланкашир

Сөз соңында сәулетші пәтер таңдауға қатысты бірнеше кеңесімен бөлісті. 

"Пәтер таңдау кезінде бірінші қауіпсіздікке, балалар алаңқайының болуына, мектепке жақын орналасуына баса мән берген жөн. Мәселен, жас отбасылар пәтердің жоспарына, бөлмелердің орналасуын ескергені дұрыс. Тұрғын үй кешенінде таза ауада серуендеуге, табиғатта ұзақ уақыт өткізуге жағдай жасалғаны жөн", – деп түйіндеді маман.  

Талқылау