Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лағудың да шегі бар шығар: Отандық журналист актер Бауыржан Ибрагимовті сынап тастады

Отандық журналист Өркен Кенжебек  актер Бауыржан Ибрагимовті сынап тастады. Оған актердің Ләйлі Сұлтанқызына берген сұхбатында сахна киесі жөнінде айтқан сөзі себеп болған көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Журналист Өркен Кенжебек Instagram желісіндегі парақшасында Бауыржан Ибрагимовті сын астына алды. Ләйлі Сұлтанқызына берген сұхбатында актердің «кез-келген театрда оқылған Құран қабыл болады» деген сөзі журналистің шамына тиген сыңайлы.

«Өзіміздің өнер әлемінде не боп жатыр екен деп Бауыржан Ибрагимовтың Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатын көріп қалдым. Мына үзігінде Төреғалидің әлгі шуына байланысты пікір айтып отыр. «Сахна киесі бар. Оның құдыреттілігі соншалық, әртістеріміз мешітке бара алмай қалып жатса, кез-келген театрдың сахнасына барып, табынып, басын иіп, Құранын оқып кетсе де қабыл болады» деп лағады. Лағудың да шегі бар шығар», – деп жазды журналист.

Сондай-ақ, Өркен Кенжебек сахнада кие болмайтынын атап өтті. Тек сахна мәдениетін сақтау керек екен.

«Егер Бауыржан айтқандай, сахнада кие болса, «Құдағи, бір партия» деп құда мен құдағидың арасын жүйелі түрде азғырғаны үшін «последний патрон» (ред. Автордың сөзі өзгертілмей берілді) иесінің шалбары түсіп кетер еді, әйтеуір бір күні. Егер сахнада кие болса, соған шөп шегіп, арақ ішіп, іш киімінің алды сары, арты қоңыр боп шыға салатын әншілердің жағы ажырап кетер еді. Сахналық көйлегі қолтық жүні қырқылмаған жезөкшенің көншегіндей салдақы тектестерге бірдеңе болар еді. Ән ұрлаған, дауысын компьютермен зорайтқандар ше?

Сахнаға қатысты ырымдар бар, иә. Бір актриса бар еді, театрдың сахнасына адам сияқты амандасатын. Біреу оған тек оң жағынан шығу керек дейді, біреу сол жағынан – сонда қадамым сәтті болады дейді. Жарайды, ол. Бірақ, мен білетін сахнада кие жоқ. Сахнаның мәдениеті бар. Ал ол мәдениет әркімнің жеке мәдениетінің деңгейі. Басқа ештеңе де емес», – деп жазды журналист Өркен Кенжебек.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Бауыржан Ибрагимов елді шулатқан қонақ үй оқиғасының неден басталғанын айтып берген еді.

Оқи отырыңыз:

Мінезіміз жараспады: Луинаның азаматтық некедегі күйеуі әншімен айырылысқаны жөнінде пікір білдірді

10 жыл бұрынғы суретін жариялаған Төреғали Төреәлі жұрттың сынына ұшырады

Баян Алагөзова продюсер Алуа Қонаровамен арадағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Сазгер Қалдыбек Құрманәлі: Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқтықтан болып жатқан нәрсе

Талқылау