Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Лағып несі бар": Шетелдікке күйеуге шыққан қыздардың барлығы бақытты ма?

Қазақ жігіттері қыздарды сыйламайды. Осындай ұстанымдағы қаракөздеріміз өзге елдің ерлеріне тұрмысқа шығып, опық жеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Жат жердің азаматымен бақытты боламын деп, артынша баз кешкен бұрымдыларымыздың оқиғасы әртүрлі. Бірі жиған-тергенінен айырылып қана қоймай қарызға белшесінен батса, енді бірі өзі дүниеге әкелген ұл-қыздарын елге қайтара алмай әлек. Бөгде мемлекетте бақытын тапқандар да жоқ емес, әрине. Солардың бірі Жанна Карбоне.

"Франческо екеуміз бірге жұмыс істедік.Ол үнемі менің көңілімді тапқысы келетін. Басында мен оған мүмкіндік бермедім. Өйткені бізді шетел азаматына тұрмысқа шығуға болмайды, ол дұрыс емес деп тәрбиеледі. Бірақ махаббат пен өзара сенім болса, тәуекелге бару керек. Бір жыл бойы ауырып жатқанда Франческо менің жанымнан кетпеді, қамқор болып, сүйетінін дәлелдеді. Сол кезде анам қызым өзің сүйетін азматқа тұрмысқа шық деп ақ батасын берді", - Жанна Карбоне.

Алайда өзге жұрттың етегін ұстап бақытты болып кетіп жатқандардан, опық жегендердің қатары көп. Бұл туралы қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы өз ойын білдірді. 

"Қазір статистика бойынша көріп отырмыз, алғаш Болашақпен барып, шетелдікке тұрмысқа шыққан қыздың қаншауы жылап келді. Құдай берген перзентін алып келе алмай жатты. Шетел деген, шетелдің жігіті бай деген барлығы бос нәрсе", - дейді Оразгүл Асанғазы.

Ал отбасылық психолгтың пікірінше махаббат ұлтқа, тілге, дінге қарамайды. Әр адам бақытты болуға лайықты дейді ол.

"Өзімнің бірнеше клиенттерім болды. Шетел азаматтарына шыққан қазақ келіншектер. Жолдасы өзге ұлт өкілі. Неге дегенде қазақ ер азаматтары қыздарды бағаламайды, қадірлемейді, сыйламайды. Жалпы қызбен қалай қарым-қатынас құру керегін білмейді деп айтатын", - дейді Ержан Мырзабаев. 

Ал Оразгүл Асанғазы бұлай болуына қазақтың жігіттері кінәлі. Қызды бақытты етсе, ол сыртқа қашпайтын еді, бұл жігіттерге сын деп отыр.

"Біздің қыздарымыз жат елдікке тұрмысқа шығып жатса, ол қыздардың кінәсі емес, біздің жігіттердің кінәсі. Жігіттер жақсы қыздарды жібермеуі керек. Өзінің ауылынан, өзіне лайық ер азаматтар табылып жатса, қыздарға басқа жаққа лағып несі бар. Сол қыздарды бақытты ете алмай жүрген жігіттерге сын", - дейді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр