Қызынан жас көрінеді: Аиша анасының суретін жариялап, желіні шулатты (фото)
Күні кеше қазақстандықтар аналар күнін мерекеледі. Отандық танымалдар бұл күні өз аналарына алғыс айтып, желіде жарыса пост жариялады. Солардың бірі – Бүркіттің жары Аиша, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Әнші анасының суретін жариялап, желідегі оқырмандарының қызу талқысына түсті. Себебі Аишаның анасын бірінші рет көрген көпшілік таңырқап қалған.
“Ренжімеңіз, анаңыз сізден жас көрінеді”, “Расымен де сіздің анаңыз ба? Сене алмай тұрмын”, “Шок алып отырмын”, “Құрбыңыз сияқты”, – деп пікір білдірді желі оқырмандары.
Ал Аишаның өзі: “Менің анам – менің ең жақын досым! Мен сені жақсы көремін”, – деп анасына деген алғысын жеткізді.
Тағы оқыңыз:
Алтынай Жорабаева ән жазып, композитор атанды (видео)
Айгүл Иманбаева Баян Алагөзованың қолдауымен Прагада бейнебаян түсірді (видео)
Жас жігіт Қайрат Нұртастың концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)
Талқылау