Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық жігіт ұжымдық кештерде Ақшақар болудың пайдасы мен  табысы туралы ашып айтты (фото)

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Аяз ата мен Ақша қардың рөлдерін сомдап, қосымша қаражат табатындардың қатары көбейеді. Қызылордалықжігіт елден ерекшеленіп 3 жылдан бері Ақшақар оразында жүруінің себебін айтты,-деп жазды Stan.kz.

Ертегі кейіпкерлерінің қызметіне сұраныс та дәл осы уақытта арта түсетіндігі белгілі. Қызылорда қаласындада көңілді кештерде ақылы өнер көрсетіп, біршама табысқа кеңеліп қалатындар жетерлік. Солардың бірі белсенді жас – Өмірсерік Әбдірахманұлы. Бұл жігіттің басты ерекшелігі, – ол ер азаматтарға сай Аяз атаның емес, Ақша қардың киімін киіп, көрерменнің алдында қызмет көрсетеді.

Өмірсерік Қызылорда жастар ресурстық орталығында кеңесші болып жұмыс істейді. Осымен 3 жыл қатарынан Ақша қар бейнесін сомдап, көпшілікке Жаңа жылдық көңіл – күй сыйлап жүр.

«Негізінен Ақша қардың рөлін сомдау аяқ астынан қабылданған шешім болды. Көңілді тапқырлар алаңының жігіттерімен әзілдесіп отырғанда осы идея туындады. Бастапқыда әрине, қыздың киімін киіп, халықтың алдына шығуға ұялдым. Намыс көрдім. Бірақ ең бірінші қойылымда бізді көрермен жақсы қабылдады. Сол уақыттан бері 3 жыл қатарынан осы бейнені сомдап келе жатырмын. Қазір үйреніп кеттім», – дейді жас жігіт.

Өмірбек әріптесі Аяз атамен бірге көптеген кештерге шақырту алады екен. Көп жағдайда ақылы түрде қызмет көрсетеді.

«Мереке болған соң, ақылы қызмет жасаймыз. Қазір қосымша табыстан ешкім бас тартпайды. Жаңа жыл мерекесіне 10 күнге жуық уақыт қалғаннан бастап ұжымдық кештерде өнер көрсетеміз. Қызмет ақысы әртүрлі. Көбіне адам басына 20 – 25 мың теңгеден пайда табамыз. Кейбір кездерде тегін баратын жағдайлар болады. Әрине, жиналған қаражаттың барлығын қажетімізге жаратамыз», – дейді Өмірсерік.

Ақша қар жігіт осы кейпімен балалар алдында өнер көрсетпейді. Этикалық себептерге байланысты, бүлдіршіндерге ерсі көрінуі мүмкін дейді. Ал, үлкен кісілер бас қосқан ортада айтылған әзілдер мен ойнатылатын ойындардың түрлері сан алуан.

Қыздың бейнесін сомдағанына қарамастан Өмірсерік бетін боямайды екен. Арнайы шаш киіп, сұлу қыздың киімінде шығады. Қазір ерекше жұп 31 желтоқсан күндеріне де тапсырыстар қабылдауда. Әрине, бұл күнгі шақыртулар әдеттегіден сәл қымбаттау болмақ.

Оқи отырыңыз:

Қытайда 12 жыл мылқаудың рөлін ойнаған қылмыскер сөйлеу қабілетінен айырылды

Қырғыз тележүргізушісі жаңа жылдық кешке нацистің киімін киіп, басы дауға қалды

Америкалық миллионер ұлының 12 жасқа толған туған күніне стриптиз бишілерін сыйлады

Әйгілі Ванганың 2018 жылға жасаған болжамы

 

 

Талқылау