Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордадағы көпқабатты ескі үйде тұратын тұрғындар бас-басына дәретхана салып алған

46 отбасына 46 әжетхана. Немесе дәретхана ортасындағы өмір. Қызылордадағы көпқабатты ескі үйде тұратын тұрғындар ортақ аулада, бас-басына дәретхана салып алған. Мәжбүрліктен әрине. Кәріз жүйесі болмағандықтан. Қаз-қатар тізілген 50-ге жуық дәретханасы бар ауланың танымалдылығы сонша, жергілікті жұрт бұл үйді «Титаник» деп атайды екен.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Теңіз емес, қоқыс ортасында қалған «Титаникте» өлместің күнін кешудеміз деп ашынады тұрғындар. Кәріз жүйесі тоқсан алтыншы жылдары істен шыққандықтан, әр шаңырақ үй алдындағы ашық жерге әрқайсысы өздеріне әжетханаларын сала бастағандарын айтады. Енді соның кесірінен бірнеше жылдан бері балаларымыз қаптаған әжетханалар мен қоқыс арасында ойнап өсіп келеді дейді тұрғындар. Иісіне жаз бойы өздері тұншығатындарын айтады.

“Қиыншылық қыста енді қиын болады. Балалар далаға шығу керек болады. Мына жердің бәрі лас, қоқыс”, – дейді тұрғын Сандуғаш Ратова.

Тұрғындардың айтуынша әжетханадан бөлек мына күйі кеткен көпқабатты үйдің қордаланған мәселелері өте көп. Мысалы әбден ескірген үйдің төбесіндегі мына үгітіліп жатқан тастар жел күшімен жерге жиі құлайтын көрінеді. Сондықтан төбемізге тас түсе ме деп қауіпсіздіктері үшін қатты алаңдайтын тұрғындар, желді күндері сыртқа шығуға қорқып қалғандарын айтады..

Ақ жағалылар кәріз жүйесі үйдің тұрғындарының қарызы көптігіне байланысты осыдан 22 жыл бұрын ажыратылған дейді. Содан бері әжетхана қиындығын тартып келе жатқан көпшілікке тек қайта жаңғырту жұмыстары көмектесетінін айтады.

“Күрделі жөндеу жүргізу үшін тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бірақ бұл жерде анықталып отырған нәрсе, әрбір пәтер иесінің заңды құжаттарының болмауы. Әрбір пәтер иелерінің техникалық төлқұжаттары болуы қажет”, – дейді Қызылорда ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Біржан Далабаев.

Шенділер сөзіне сенсек, мәселенің шешілуіне 20 жылдан аса кедергі болған мұнда тұратын бірнеше отбасының құжаттарының дұрыс еместігі. Ал құрғақ жерде қоқысқа батқан «титаниктің» тұрғындары ел қатарлы өмір сүргілері келеді.

Тағы оқыңыз: 

Жамбыл облысында елде жоқ емхана салынатын жерден қаптаған адам сүйектері шығып жатыр

Қостанай тұрғыны қызғаныштан жезөкшені буындырып өлтірді

Астана әкімі халықты қолжетімді баспанамен қалай қамтамасыз ететінін айтты

Ермек Тұрсыновтың фильмінде басты рөлді сомдаған балаға шұғыл көмек қажет

Талқылау