Қызылордада жеңіл көлік газ құю бекетіне соғылды: Бір адам қаза болды
Қызылорда облысында жеңіл көлік газ құю стансасына соғылды. Салдарынан оператор бөлмесі мен автокөлік өртеніп, бір адам қаза болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Оқиға 15 наурызда таңғы сағат 05.45-те болған.
«Өртке қарсы «101» қызметіне Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Мөсербаев көшесі бойында орналасқан «Арал-Газ» ЖШС-ның газ құю стансасының оператор бөлмесіне «Opel Vectra» жеңіл көлігі соқтығысқаны хабарланды.
Салдарынан оператор бөлмесі мен автокөлік өртенді. Өрт сөндіру қызметінің күшімен жалын 40 минут шамасында оқшауланып, 50 минутта толықтай сөндірілді. Оқиға орнында автокөлік жүргізушісі қаза тапты», – делінген ТЖД хабарламасында.
Тілсіз жаумен күреске 11 өрт сөндіруші мен 3 арнайы техника жұмылдырылды.
Тағы оқыңыз:
Ақтөбеде жаяу жүргінші жолағында 11 жасар оқушыны көлік қағып, өлтірді
Баланың зорланғанын жоққа шығарған вице-министр ақталуға тырысты
Сағадиев: «Қолтырауын», «ғаламтор», «перне тақта» секілді сөздер қолданыстан шығуы мүмкін
Құқық қорғаушы: Зорланған баланы бейімдеу орталығына жатқызу керек