Қызылордада марихуана егілген ірі алқап анықталды
1 маусым – 30 қазан аралығында республика аумағында жүргізіліп жатқан «Көкнар» жедел-профилактикалық шарасы аясында қызылордалық полицейлер есірткі алқабын анықтап, күдіктілерді қамауға алды.
Сурет: ЯПлакалъ
Бұл туралы Stan.kz облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлайды.
18 қыркүйек күні облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бірлескен шара барысында Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылдық округінен 80 шақырым қашықтықта жасыл түсті, өзіне тән иісі бар шөптектес затты тасымалдап келе жатқан 47, 28, 30 және 41 жастағы төрт азаматты ұстады. Анықталған затқа сараптама тағайындалып, нәтижесінде салмағы 44 келіні құрайтын «кептірілген марихуана» екендігі нақтыланды.
Тергеу барысында ұсталған азаматтар есірткі затын егіп-баптаумен айналысатындығы белгілі болды. Өздері көрсеткен алқаптан 1147 түп сора өсімдігі анықталды. Сараптама қорытындысымен оның есірткі заты екендігі және салмағы 1 тонна 41 келіні құрайтындығы нақтыланды. Қазіргі таңда, аталған төрт азамат Жалағаш аудандық ІІб-нің Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, олардың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі және 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық істер қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жіберіп алмаңыз:
23 қыркүйекте елдің басым бөлігінде жел тұрып, жауын жауады
Жамбыл облысында жаппай мал қырылып жатыр
Алматыда күйеуімен ажырасқан әйел екі айдан бері балаларымен далада түнеп жүр
Теледидар мен компьютерді параға алған түрме басшысының масқарасы шықты