AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада газ жарылысынан үйінді астында қалған екі әйел ауыр халде жатыр

Қызылорда қаласында жеке үйлердің бірінде газ балоны жарылып, баспана төбесі опырылып ортаға түсті. Ал, сол мезетте іште болған екі адам қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлер денесінің 80 пайызын күйік шалған науқастардың бірінің халі ауыр деп бағалаған. Енді оған жақын арада ота жасамақшы екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қарауылтөбе ауылынының тұрғындары түстен кейінгі уақытта белгісіз заттың қатты атылған дауысын естиді. Жұрт жарылыстан соң далаға шығып, не болғанын сонда ғана білген. Сөйтсе үйлердің бірінде газ жарылып, баспананың қабырғасы құлап, жермен жексен болыпты.

«Қатты дауыстан шошып ояндым. Жүгіріп далаға шыққанмын, мына жаққа қарасам аман екен мына көршілер. Сол кезде дауысы шықты адамның айқалаған. Дереу жүгіріп сол жаққа барсам ауызғы асханасы ғой, асханасының екі қабырғасы екі жаққа құлаған, төбесі ортасына түскен. Астында “адам қалды, адам қалды”- деп айқайлап жатыр екен»,  – дейді куәгер Сәбит Калекеев.

Оқиға орнына жеткен жарты сағатта жеткен құтқарушылар үйінді астынан екі әйел адамды алып шыққан. Айтып келмеген апаттан зардап шеккен 1979 және 1964 жылғы екі азаматша жедел түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, екі науқастың да жағдайы ауыр көрінеді.

«Бір науқаста денесінің 80 пайызын күйік шалған. Ол науқас реанимация бөліміне жатқызылып, қазіргі таңда сол жақта емін алып жатыр. Екінші науқас оң жақ ортаңғы жілігінің жабық сынығымен травматологиялық бөлімге жатқызылып, қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – дейді қалалық аурухананың бас дәрігері Бауыржан Төлеген.

Газдың қатты атылғанын зардап шеккен өзге де пәтерлер мен үйдің дәлізінен аңғаруға болады. Төтеншеліктер үйінді астында қалып қойған тұрғындарды құтқаруға 17 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылыпты. Құтқарушылар жарылысқа газ баллоны редукторының олқылығы себеп болу мүмкін дегенді айтады.

“Оқиға орнына инспекторлік бағыт бойынша қарау барысында 5 литрлік газ баллонының асхана бөлмесі бойынша жарлығаны анықталды. Бұл бойынша қазіргі таңда қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен алғашқы қарау жұмыстары бойынша жинақталған құжаттарды ішкі істер органдарына тергеуге жолдануда себебін анықтау мақсатында”, – дейді қалалық ТЖБ басшысы Ербол Әлішеров.

Ортаңғы жілігінің жабық сынығымен жатқызылған науқасқа ақ халаттылар жақын арада ота жасамақшы екен. Төтенше жағдай қызметкерлері болса тұрғындардан газ баллондарын орнатуда абай болуын сұрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр