Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада әкімдік ғимаратын әкім деп «таныстырғандар» күлкіге қалды

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде әкімдік ғимаратының сыртындағы “Әйтеке би кентінің әкімі” деген жазу жұртшылықтың жаппай сынына ұшырады.

Безымянный

Бұл туралы Онгар Саймосаев есімді Фейсбук қолданушысы жазды.

“Кім болып жұмыс істейсің? Әкімнің қарауылымын.Телехранительсің ба не? Онгар дың таппайтыны жоқ”, – дейді жазбаны бөліскен желі қолданушысы Болат Нурхожаев.

Бұл суретке қолданушылар мазақ сарынындағы жаппай пікірлерін қалдырған.

“Әкімдіктерінде бір сауатты табылмағаны ма? Әкімдікте бұлай жазылса, бұл елді мекенде сауатты адамдардың барына күмәнім бар” – деп жазады олардың бірі.

Бұл кентте негізінен жергілікті халықтың 90 пайыздан астамы қазақтар. Желі қолданушылары осы мәселені де көзір ете отырып, дардай қателікке тұрғындардың назар аудармағандарына наразылық танытқан. Алайда тұрғындар бұл мәселені құзырлы органдарға қарата айту керек деп, өздеріне сын айтқан желі қолданушысын жүндей түтіпті.

“Дұрыстап сөйлегеніңіз абзал! Артық кетсем ренжімессіз, дегенмен мән бермейтіндей дүкеннің атауы емес қой!”, – деп жазады Бекдана Бекмырзақызы.

Суретке пікір қалдырушы Алдамжар Қиясовтың айтуынша, осындай оқиға Қарағанды облысы, Шахтинск қаласында да болған. Бірақ, ондағы мамандар “әкімді” кейін “әкімдік” сөзіне ауыстырып үлгеріпті.

Оқи отырыңыз:

Қызылордада қатты ыстықтан бағдаршам еріп кетті

Жол апатында екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева ауруханада түскен суретін жариялады

Ақтауда 1 тоннадан астам бекіре жасырылған заңсыз қойма анықталды

Маңғыстау облысында әскерден қашқан сарбаз іздестіріліп жатыр

Талқылау