Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада 20 жыл мектеп директоры болған азамат мал ұрлап істі болса да ұстаздығын жалғастыруда

Көпшіліктің ашуын тудырған бұл жағдай Арал ауданына қарасты №263 мектепте болып отыр. Қосымша білім беру маманы болып жұмыс жасайтын Сұлтанбек Құлназаровтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілген, деп хабарлайды Stan.kz.

«Мал ұрлау ісіне қатысты мұғалімге ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-тармағы бойынша айып тағылды. Іс толықтай зерттеліп, сотқа жолданған. Алайда медиация әдісі арқылы екі тарап өзара келісімге келіп, іс қысқартылды», – дейді Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Іс жабылып, сот үкімі оқылмаса да бұл жағдай ауыл тұрғындарының ашуын тудырып отыр. Бала тәрбиесімен айналысатын азаматқа мұндай айыптың тағылғандығы оларды бей-жай қалдырып отырған жоқ.

«Бұл деген масқара ғой. Бұл жағдайдан кейін баламызды мектепке қалай жібереміз. Сот үкімі оқылмаса да, қылмыстық іске мұғалімнің қатысы бар екенін ауыл тұрғындарының бәрі біледі. Біз оның жұмыстан шығуын талап етеміз». – дейді ауыл тұрғындарының бірі.

Осы жағдайға байланысты Арал аудандық білім бөліміне қатынас қағазын жолдадық. Алайда, әлі күнге дейін хатқа жауап берілген жоқ. Есесіне, мектеп директорымен телефон арқылы сөйлесуге мүмкіндік болды.

«Бұл кісі 20 жыл мектеп директоры болған. Директор орынбасары қызметтерін де атқарған. Түрлі марапаттары мен жетістіктері бар. Бұл жағдайдың орын алуы енді төтеннен болды. Қазір бұл ұстаз өз еркімен жұмыстан кетпекші. Біз оған тәртіптік жаза дат ағайындап, қатаң сөгіс бердік», – дейді мектеп иректоры Саттар Жаналиев.

Тағы да оқыңыз:

Әкемнің орнында болсам, мен де ажырасар едім: Мұхтар Тайжан жеке өмірі мен отбасы жайлы алғаш рет ашық айтты

Энергетика министрі: Менің тағдырым президенттің қолында

Енді мемлекет пәтерақы мен коммуналды қызмет ақысын төлеуге көмектеседі

Талқылау