Қызылордада 14 жастағы жасөспірім “Лексуспен” қызды қағып өлтірді

 28 желтоқсан күні Қызылордада жаяу жүргіншілер өтетін жолда Лексусты айдаған 14 жастағы жүргізуші қызды қағып өлтірді. 22 жастағы Саида бірнеше күннен кейін алған жарақаттардың салдарынан есін жимастан қайтыс болды. Қыздың туысқандары ЖКО қатысты әділ тергеу ісі жүргізілетініне үміттенеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Белгілі ақпарат бойынша, адамды Қызылордағы танымал бизнесменнің ұлы, 10 сынып оқушысы қағып өлтірген.

Қайтыс болған қыздың туысқандарының сөзінше, сол күні ол дүкенге шығып кеткен, жаяу жүргіншілер өтетін жолда оны көлік қаққан.

“Бұл біздің жанұямыз үшін үлкен қайғы. Біздің Саида үлкен өмірге енді ғана қадам басып еді. Қытайдағы жоғары оқу орнын аяқтаған. Қытай тілінің аудармашысы болып мұнай компаниясында жұмыс істеп жүр еді. Ол ашық, жарқын өмірге үлкен жоспарлары бар адам болатын”, — деп жазды туысқандары әлеуметтік желілерде.

Олардың қағып өлтіргенге қатысты басталған тергеу жұмыстарына көңілдері толмай отыр.

“Қайтыс болған күнінен төрт күн өтті. Біз әлі сотмедсараптаманың қорытындысын алған жоқпыз. Тергеу жұмысы қандай кезеңде екенін білмейміз. Өз кезегінде, медорталықтың дәрігерлері диагноз, алынған жарақаттар туралы ақпарат берген жоқ.

Біз ақша мен билік тергеу жұмыстарына әсер етпейді деп үміттенеміз. 14 жастағы жүргізуші және ҚР ҚК-ге сәйкес өз жазасын, ал оған көлік жүргізуге рұқсат берген ата-анасы жауапкершілікті алады деп үміттенеміз. Әділ төрелікке сенеміз. Қайғылы оқиға орын алған жерді фото-видеоға түсіріп алған куәгерлерден бізбен байланысуын сұраймыз”, — деп жазылған желілерде.

Қызылорда облысының ІІД-де хабарланғандай, тергеу жұмыстарын полиция департаментінің бастығы мен облыс прокуроры басқарып отыр.

“ЖКО фактісі бойынша ҚК 345 бабтың 3 бөлімі  (байқаусызда кісі өліміне алып келу,ЖЖЕ-ні бұзу) және 349 бабтың 3 бөлімі (жүргізуге құқығы жоқ жүргізушіге трнаспортты құрылғыны айдауға рұқсат беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сәйкесінше сараптамалар тағайындалған. Оқиғаның себеп-салдары анықталуда”, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр