Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысындағы ең сымбатты бес шенеунік (фото)

Отан қорғаушылар күніне орай Stan.kz сайтының Қызылордадағы тілшісі өңірдегі ең сымбатты әрі көрікті шенеунікті анықтауға тырысты.

чиновники

Фейзбук әлеуметтік желісі арқылы ең танымал деген 15 мемлекеттік қызметтегі азаматтың суретін ұсынып, белсенді қыз-келіншектерден пікірін біліп, дауыс жинаған еді. Сауалнамаға елу адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша Қызылорда облысының ең сымбатты деп танылған бес шенеунігін назарларыңызға ұсынамызү

Сонымен, 1-шi орынды ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Қызылорда облысы бойынша департаментiнiң басшысы Абзал Мұхимов иелендi. Қызметiн қарапайым тiлшi болудан бастаған шенеунiк қашанда байсалды мiнезiнен тайған емес. Сыртқы келбетiмен де көпшiлiктiң жүрегін жаулап үлгерген.

ҚАбзал

Ал, 2-шi орында Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң аппарат басшысы Еркiн Тұрабаев. Бұл шенеунiк ұзын бойлы, кең жауырынды, келбетi келiскен азамат. Әлеуметтiк сауалнамаға қатысқан қыз-келiншектер Еркiн Тұрабаевтың жайлы мiнезiн де атап өттi.

ҚЕркін
Қола жүлденi Жалағаш ауданы әкiмiнiң орынбасары Жағыпар Тажмахановқа табыстаймыз. Идеологияның тiзгiнiн ұстаған шенеунiк сыртқы келбетiне айрықша көңiл бөлетiндiгi байқалады. Сәндi киiнiп, өзiне қажеттi күтiм жасайды.

Қжағаппар
Ал, 4-шi лайықты орынға Қызылорда қаласы әкiмiнiң баспасөз хатшысы Руслан Каюпов лайықты деп танылды. Журналисттермен тiкелей жұмыс істейтін шенеунiктiң сыртқы келбетi көпшiлiктiң көңiлiнен шығады екен.

ҚРуслан
5-шi орынды Қызылорда облыстық iшкi саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев иелендi. Жақында ғана шаңырақ көтерген шенеунiк бойдақтық өмiрiмен қоштасқан. Бұл шенеунiкке дауыс бергендердiң көпшiлiгi – журналист әрiптестерi.

ҚАйдын

Оқи отырыңыз:

Елімізде соғыс ардагерлеріне жарты миллион теңгеден таратылмақ

Астаналықтар көлік кептелісін болдырмау үшін жұмысқа бір жарым сағатқа ерте бармақ

Теңгенің тағы да құны түсіп жатыр

Шымкентте жоғалып кеткен 15 жастағы қызды жас жұбайлар пәтерде күшпен ұстаған

Санаулы күндері қалған жалғызбасты ана 4 баласы үшін уайымдап жүр

Талқылау