Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облыстық қорғаныс істер департаментінің басшысы парамен ұсталды

Қызылорда облысы қорғаныс істері департаментінің басшысына бірнеше рет пара алды деген айып тағылды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, облыстық қорғаныс істері департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Әскери қызметкер 600 мың теңгеден асатын көлемде бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді.

“Күдікті 2017 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін өзінің қарамағындағы қызметкерлерден кезекті әскери атақты бергені, тәртіптік жауапкершіліктен босату және қызметте жалпы қамқорлық жасау үшін жүйелі түрде (бірнеше рет) 20-150 мың теңге көлемінде ақша алып отырғаны анықталды”, — деп хабарлады Жахин.

Қорғаныс істері департаментінің басшысы 2018 жылдың 4 қаңтары күні ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жабылды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыз:

Астана мешітінде келушінің күртесі мен қалтасындағы 200 мың теңге ұрланды

Талғат Ермегияев 5 тәулікке изоляторға отырғызылды

Ақтөбеде 5 баланың әкесі қарттар үйінде тұрып жатыр

Шымкентте жалғызбасты ана балаларын асырау үшін қайыр сұрауға мәжбүр

Талқылау