Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қызыл кілемнің үстінде басына орамал тағып, халатпен жүрген отандық сазгер жұрттың қызу талқысына түсті

Елімізде жыл сайын өткізілетін MUZZONE арнасының «ЕМА-2018» жүлдесін табыстау рәсімінде сазгер Ғазизхан ерекше киімімен жұрттың назарына бірден түсті. Ол қызыл кілем үстінде халатпен жүріп өткен, деп жазады Stan.kz.

Ғазизхан

Әнші дүбірлі шараға спорттық киім киіп келген. Ал қызыл кілемнің үстінде жүріп өткен кезінде киімінің сыртынан халат киіп, басына орамал тағып алған.

Сол сәтте түскен суретін жариялаған әнші халаттың қонақ үйге тиесілі екенін айтып әзілдеді.

«Ара-арасында қуып туру керек қой, көңілді жүру үшін.  Әйтпесе қонақ үйдегі халат қой», – деп жазды әнші Instagram-парақшасында.

Ғазизхан

Өз кезегінде желі қолданушыларының сазгердің сырт келбетіне қатысты пікірі қақ бөлінді. Бірі жақтап, өнер адамына бәрі жарасатынын айтса, екіншісі оның әрекетін ерсі деп тапты.

«Ғазиздің жасамайтыны жоқ», «»Мынауың кей кездері дұрыс. Демаласың. Бірақ жиі болып кетпесін», «Шашыңды бояп, сырға тақпасаң болды да», «Айналайын-ау, мынау не түр? Алдыңғы буын ағаларыңа қарасаңшы. Үлгі алатын азаматтар көп қой», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

STAN.KZ
Сейсенбі, 28 Тамыз, 2018 15:22
Талқылау