Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызы науқас 46 жастағы әйел жиен немересін өзі босанды (фото)

“Бұл менің өмірімдегі үлкен тәжірибе болды” дейді 46 жастағы әйел. Оның қызы аққан ауруынан ұзақ уақыт бойы емделген екен. Осының салдарынан жатырына зақым келген. Көпке дейін бала көтере алмай қатты қиналған. Десе де, әйел қызының бақытты отбасы туралы арманын сақтап қалу үшін немересін өзі босанады.

13721319_523230477862770_89840092_n

Бұл туралы Dailymail.co.uk басылымы хабарлайды.

25 жастағы Алиса Хогэнхауске 4 жасында аққан диагнозы қойылып, 9 жасына дейін емделеді. Сәулелендірудің салдарынан терісінде қара қотыр пайда болып, жатырына зақым келеді. Бұдан кейін отбасылық өмірде сәбилі бола алмай жүреді. Оның анасы Тереза Хогэнхаус қызына суррогат ана болуды ұсынып, 46 жасында немересін өзі босанады.

13643041_163950040676600_23820774_n

Алиса 25 жасқа толғанда дертіне байланысты сәбилі бола алмайтыны белгілі болды.

3788BBC500000578-0-image-a-2_1472010734192

Сегіз жасында қатты әлісіреп, тоғыз жасында төсек тартып жатып қалады. Осы кезде денесіне түскен сәуле кері әсерін тигізген екен.

13721151_1596106250684846_959465442_n

Алисаның қуанышына орай, ол 23 жасында таңғажайыптың көмегімен табиғи жолмен бала көтереді. Қуанышы көпке созылмастан, ішіндегі сәбиін 15 аптаға жеткен кезде түсіріп алады. Осыдан кейін дәрігерлер оған жатырындағы ақауға бола ешуақытта бала көтере алмайтынын айтады. Көтергеннің өзінде оны 9 ай бойы құрсағында ұстап тұруға шамасы жетпейді екен.

13707028_288935018128927_1691891999_n

Мұны білген анасы оның бақытты отбасы туралы ұстанымдарын сақтап қалу үшін суррогат ана болуды ұсынады. Терезаның өзі Квинсленд, Испвич Таун аймағында дүниеге келген.

13741166_1746640948943345_768929886_n-2 (1)

“Алисаның эмбриондары бар екен. “Неге байқап көрмеске?” деп ойладым. Бастапқыда өзімді тым кәрімін деп жүрексінген едім. Оның үстіне қызым да мұндай нар тәуекелге барғанымды қаламады. Мен Алисаны осы уақытқа дейін екі мәрте жоғалта жаздағанмын. Енді бұлай болғанын еш қаламаймын”, – дейді Тереза Хогэнхаус.


Жіберіп алмаңыз:

Австаралиялық әйел 63 жасында алғаш рет бала босанды

Шымкентте толғағы тойда басталған келінді қайнысы босандырып алды (фото)

Сауд Арабиясында күйеуі әйелін босандырған ер адамды атып кетті

«Муз-ТВ» арнасы басшысының әйелі Майамиде төртінші перзентін босанды

Талқылау