Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызы 70 жастағы әкесін ит секілді қарғыбаумен байлап итаяқпен тамақтандырған

41 жастағы қызы мен оның 48 жастағы күйеуі егде жастағы әкелерін ит секілді темірмен тұсап тастапты.

932990fc67f8f97543898f2a0af9f559__1440x

Ресейдің Ростов облысының тұрғыны жасы келген әкесіне білгенін істеген, деп хабарлайды life.ru.

Әкесі жары қайтыс болған соң уайымға салынып, жүруден қалған. Аяғын басудан жаңылып шатасып баса бергені қызы мен күйеубаласын мезі етеді.

Қызынан жәбір көрген ер адам көршілеріне барып, тамақтануды сұрайтын болған.

Көршілерінің мазасын алмауы үшін қызы ақырында әкесін темірмен тұсаулап тастаған.

Ер адам жанына төселген көрпеге жатып алып, күні бойы жылайтын. Оған қалайы ыдысқа салып нан мен ботқа берген.

Безымянный

Атасының осындай күйге түскеніне немерелері де куә. Төртінші күні шарасы таусылған әкесі жаны қиналғаннан бар даусымен айқайға басыпты.

Сол уақытта көршісі оның күйін суретке түсіріп алған.

сс

Полицейлерге хабарланған соң ер адам тұсаудан босатылды. Ал, қызы мен күйеубаласын полицейлер жауапқа алған. Алайда, қызы өзінің адамға айуанша істеген қиянатын түсінбесе керек. Ол әкесін тәрбиелеу мақсатында осылай істеу керек болғанын айтып ақталған.

Қазір қолданар шара қарастырылып жатыр. 4 күн бойы байлауда отырған ер адамның жүйке жүйесі бұзылып, жылауын тоқтата алмайтын күйге түсіпті. Дәрігерлер оның өзін әлі де тұсауда отырғандай сезінетінін айтады.

Жіберіп алмаңыз:

“Әйел” сөзі “жезөкше” деген мағынаны білдіретіні рас па?

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Қытайда көзі жоқ сәби өмірге келді

Талқылау