Қызметкерлерін науқастарға жалған айтуға мәжбүрлеген бас дәрігердің кім екені анықталды
Видеодағы дәрігерлерді науқастарға жалған айтуға мәжбүрлеген бас дәрігердің кім екені анықталды.
Ол № 4 емхананың бұрынғы бас дәрігері Әнуар Аманов болып шықты. Оның медицина қызметкерлерін жинап, жиналыс ашқаны түсірілген видео 2015 жылы түсірілген.
«2017 жылдың 25 қаңтар күні WhatsApp пен Facebook желісінде, БАҚ-та медициналық мекеменің біріндегі дәрігерлердің жиналысы түсірілді. Бұл жайтты толықтай тексеру мақсатында Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасында арнайы комиссия құрылды», – деп хабарлады Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасында.
«Видеода № 4 қалалық емханада өткен дәрігерлер жиналысы түсірілген. Жиналысты емхананың бұрынғы басшысы Аманов жүргізді. Ол 2016 жылы № 7 емханаға ауысқан болатын. Тергеу жүруіне байланысты ол уақытша қызметінен босатылды. Қосымша ақпарат комиссия жұмысының нәтижесі бойынша анықталады», – делінген Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ресми мәлімдемесінде.
Науқастардың денсаулығын қорғау мақсатында сайтта Саll-орталықтр мен сенім телефондары көрсетілген. Кез келген азамат 3000-103 немесе 274-45-19 нөмірлеріне тәулік бойы хабарласа алады.
Жіберіп алмаңыз:
Сот баласын асырап алушы ата-анадан қайтып алмақ болған әйелге қатысты шешім шығарды
Діни басқарма құрсақ ана болудың шариғи үкімін айтты
Тұтқында 5 айдай отырған Лилия Рах түрмеден босатылды
Маңғыстауда үшемнің өмірге келуі дәрігерлер үшін күтпеген жағдай болды