Соңғы жаңалықтар

Қызметкерлер басшысының қорлығы жайлы айтты: Әйелдің өліміне басшысы айыпталуда

Ақмола облысында лаборант қыздың өліміне басшысы айыпталуда. Алтынды өңдеу фабрикасының қызметкерлері басшысының былығын айтты, деп хабарлайды КТК.

Қызметкерлер басшысының қорлығы жайлы айтты: Әйелдің өліміне басшысы айыпталуда

Күдікті кінәсін мойындады ма, жоқ па белгісіз. Ал марқұмның әріптестері басшыларының арсыз әрекеттері жайлы айтты.

Динара Ақанбаеваны туған ауылына Қарағанды облысына жерледі. Әйел 37 жаста еді. Артында 12 жастағы қызы жетім қалды. Қыздың анасы ауыр халде жатыр. Туыстары директордың жазадан сытылып кетуі мүмкін екенін айтады.

“Фабрика басшысынан күмәнданып отырмыз. Ол лауазымын пайдаланып, әпкеммен жақын болғысы келген. Оның таныстарын ортаға салатынын сөзсіз”, – дейді марқұмның бауыры Ердос Доскенов.

Оқиға Степногорскте болды. Куәгерлердің айтуынша, 33 жастағы басшы Динараны бір объектіден екіншісіне шығарып салуға ұсыныс жасайды. Екі сағаттан соң оны өзге қызметкердің пәтеріне ессіз күйде әкеліп тастайды. Динараның өзі кінәлі екенін айтады.

“Басшының айтуынша, Динара айқайлап көліктен түспек болған. Мұрнына қан кеткен. Беті көгерген, ісіп кеткен”, – дейді қызметкер Алтын Мұхаметжарова.

Айтуынша, басшысы бұл жайлы ешкімге айтпауды өтінген. Ал, жедел жәрдем шақырғанда Динараның жағдайы мүлде нашарлап кетеді.

Ауруханада бес күн жатып көз жұмды. Дәрігерлер оның басының жарылғанын, бас ми жарақатын алғанын айтты.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір күдіктіге 2 ай қамаққа алу жазасы берілді. Қамалған соң басшыны ұстаған соң қоластындағы қызметкерлер ол туралы айта бастады. Олар жұмысынан айырылмас үшін, үндемей келген екен.

“Маған да тиісті. Кабинетке кіріп алып, есікті жауып қойды. Бұл бір ғана жағдай емес. Сол кезде айту керек еді. Осындай жағдай болмас еді. Бәріміз кінәліміз”, – дейді қызметкер.

33 жастағы басшы фабрикада 6 ай ғана жұмыс істеген. Марқұм Динара да сондай уақыт қызмет етті. Ол қызын асырау үшін вахталық әдіспен істеген. Қызының жалғыз асыраушысы болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр