Қызметінен босаған экс-министр Әбдірахманов қайда кетті? Сыртқы істер министрі жауап берді

Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі елшілік қызметте қалады. Бұл туралы парламент кулуарында қазіргі сыртқы саясат ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Қайрат Әбдірахманов

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өткен жылы 26 желтоқсанда Атамқұлов сыртқы істер министрі болып тағайындалғаннан кейін, Қайрат Әбдірахмановтың саяси тағдыры туралы ақпарат болмаған еді.

«Қайрат Құдайбергенұлы әрі қарай елшілік қызметінде қалуды жөн көрді. Біз оның жақын уақытта шет мемлекеттердің біріне тағайындалуын күтіп отырмыз», – дейді Бейбіт Атамқұлов.

Сонымен қатар ведомство басшысы министрлік жұмысында өзгерістер болмайтынын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр