Құжаттан 422 қате табылған: Сенат ақпарат министрлігі әзірлеген заң жобасын кері қайтарды

Қазақстанда қабылданған бейбіт шеру туралы жаңа заңның қазақша нұсқасында қате өріп жүр. Ақпарат министрлігі дайындаған заң жобасынан сенат депутататары 422 қате тауып, заң жобасына азды-кем түзетулер де енгізіп, мәжіліске қайта қайтарыпты. Себебі, заңнамадағы кейбір нормалар халықтың митингтерге кедергісіз қатысуына мүмкіндік бермейді екен. Заңда қарастырылғандай жиын өткізілетін жер мiндеттi түрде орталықта орналасуға тиіс деп көрсетіліпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

митинг

Заң жобасында кеткен қателіктер жайлы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бейбіт жиналыстар туралы заң жобаларының мәтінінде кездесетін қателіктер туралы түсініктеме жасады.

"Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңында және заң жобалау жұмысын ұйымдастыру қағидаларында заң жобаларын әзірлеу кезінде сақталатын нақты ережелер қарастырылған.Міндетті талаптардың бірі - заң жобаларын ғылыми-лингвистикалық сараптау", - делінген ресми хабарламада.

Бұған қоса министрліктегілер құжаттағы қателер талқылауға жіберілмей тұрып жойылғандығын айтып ақталды. 

"Бұл жағдайлар бейбіт жиналыстар туралы заң жобаларын әзірлеу кезінде ескерілді, заң жобаларының мәтіні Парламентте талқылануға дейін екі рет қажетті тексерулер мен лингвистикалық сараптамадан өтті. Ғылыми-лингвистикалық тексерулер нәтижелері бойынша барлық ескертулер ескеріліп, қателер түзетілді. Заң жобалары Парламентке ұсынылған кезде оларға ілеспе құжаттар, оның ішінде ғылыми-лингвистикалық сараптама қорытындылары қоса беріледі.Анықталған қателіктер туралы ақпарат бейбіт жиналыстар туралы заң жобаларының бастапқы нұсқасына қатысты, заң жобалары Парламентке жіберілгенге дейін бұл қателер жойылды", - деп қосты ақпарат министрлігінің өкілдері.

"Мәселені қарап, комитет астананың, республикалық маңызы бар және облыс орталықтары болып есептелетiн қалалар мен олардың құрамына кiретiн аудандарда арнайы орындар мiндеттi түрде орталықта орналасуы және олардың саны үшеуден кем болмауы тиiс деген пiкiрде. Бұл жиналыстар мен митингiге тосқауыл қоюға қатысушылардың «көрiну және естiлу» және оларды өткiзу мүмкiндiгiн арттырады", - деді сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов.

Президенттің тапсырмасына сәйкен құрастырылған құжат бейбіт жиналыс өткізу кезінде ескерту сипатына ие көіренід, яғни, бұқара әкімдіктен рұқсат сұрамай, шеруді өткізе береді. Өз кезегінде сенаторлар жиынға келгендердің бетін бүркеп алуға тыйым салатын ережені де алып тастауға ұсыныс білдірді. Депутаттар қазіргі таңда коронавирус жұқтыру қаупі бар кезде, жиынға қатысушылар бетперде киюіне шектеу қойылмау керек дейді. Ал егер шеру ұйымдастырушысы немесе оған қатысушы заңбұзушылыққа жол берсе, олармен құқық қорғау орындары айналысады. Заң бұзу жағдайы тоқтатса, бейбіт жиын жалғасады. Десек те сарапшылар жаңа заңның әлі шикі екенін және халық құжатты дүрыс түсінбейтінін айтып отыр.  

"Заң шын мәнінде жеңіл болуы мүмкін. Бірақ іске асыру механизмі ақсауы мүмкін. Бұны біз ескі заңның іске асырылу кезінде осындай көп мәселені  көрдік. Бұл заңды әрі қарай қарастыру кезінде, әсіресе мына тараптардың міндеттерін нақтылап өту керек. Бұның барлығын жалпы көрсетпесе, ертеңгі күні кейбір митинг, пикеттерде түсінбеушілік болуы мүмкін. Осының кесірінен халық тағы да дүрлігеді", - деді саясаттанушы Қазбек Майгелдинов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр