Құжат тапсыру, тегін оқу мен жатақхана: Қазақстандық талапкерлер алда қандай қадамдар жасауы керек
Елімізде 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланған болатын. Биыл гранттарды тағайындау конкурсына 94 мың талапкер құжат тапсырса, оның 73 мыңы білім грантын жеңіп алды. Дегенмен елімізде әлі де әкімдіктің, ректордың және "Қазақстан халқы" қорының, басқа да гранттар түрлері үлестірілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” порталына сілтеме жасап.
Талапкерлерді дәл қазіргі уақытта құжаттарды қайда апарып, қалай орналасу туралы түрлі сауалдар алаңдатып жүргені сөзссіз.
Грант иелері мен ақылы оқитындар құжатты оқу орнына тапсырады
Грант иегерлері және ақылы оқитындар 25 тамызға дейін құжаттарын оқу орнына тапсырып үлгеруі керек. Оқу орындарының қабылдау комиссиясы сұрақтарға онлайн жауап береді. Дегенмен құжатты оқу орнына өзіңіз барып тапсыру міндетті.
Жоғары оқу орындарына түсу үшін қажет құжаттар мынадай:
- жеке куәлік;
- 3х4 көлеміндегі фото;
- орта білім туралы аттестат немесе диплом (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін);
- № 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
- ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;
- білім грантын тағайындау туралы электронды куәлік (грант иегерлері үшін).
- Білім беру грантының сертификаттарын grant.testcenter.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
10 тамыздан бастап жатақханаға орналасуға құжаттарды қабылданады
Ең алдымен бірінші курс студенттерінің орналасуына басмдық беріледі. Талапкерлердің әлеуметтік жағдайы ескеріледі. Бірінші кезекте жатақхана жетімдерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға, кейін орындар Қазақстан азаматтығы жоқ ұлты қазақ адамдар, қандастар, көп балалы және толық емес отбасыдан шыққандар, шалғай аймақтан келгендерге бөлінеді.
Студенттер жатақхана мәселесі жөнінде тәулік бойы +77002551443 call-орталығына хабарласа алады.
Жатахқанадан орын алу үшін қажетті құжаттар мынадай:
- жеке куәлік;
- 3х4 сурет;
- 075/у медициналық анықтама және флюорография;
- балалар үйінен анықтама, ата-анасының қайтыс болу туралы кәлік (жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін);
- мүгедектік туралы анықтама (мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін);
- отбасы құрамы туралы анықтама (көпбалалы және толық емес отбасылар үшін).
Жоғарғы оқу орындары құжаттарды онлайн және офлайн қабылдайды.
Грант ала алмаған талапкерлер тегін оқуға ауыса ала ма?
Қыркүйек айында игерілмеген 3 мың грант қайтадан үлестіріледі. Талапкерлердің жоғары балдарына қарай қайта қаралатын болады. Кейбір талапкерлер жеңіп алған гранттарынан бас тартып жатады. Олар да қайта тағайындалады. Әкімдіктер де жергілікті бюджеттен бірнеше мың грант бөледі. Ал "Қазақстан халқына" қоры 850 грант бөлді. 10 тамыздан бастап жекелеген санаттағы талапкерлерден құжаттар қабылдайды. Ректор грантына да өтініш беріп, ақысыз білім алуға болады.
Одан бөлек ақылы оқуға түскендер GPA, яғни оқу үлгерімін жақсы көрсетсе, оқу семестрі кезінде босаған бос грантты ұтып ала алады.
Биыл әкімдіктер 2500 грант бөлді
Негізінен өңірлерге педагогтер, дәрігерлер, инженерлер және IT-мамандар қажет. Сондықтан биыл, 1475 грант "Педагогикалық ғылымдар" және 424 грант "Денсаулық сақтау" бағытына бөлінген.
- Астана әкімдігі – 1000-нан астам грант;
- ШҚО – 270 грант;
- Абай облысы – 200 грант;
- Маңғыстау облысы – 175 грант;
- Ақмола облысы – 160 грант;
- Жетісу облысы – 100 грант;
- Қалған аймақтарға 100-ден аз грант.
Шымкент және Алматы қалалары, Түркістан, Қызылорда, Павлодар облыстарының әкімдіктері бакалавриат мамандарын даярлауға грант бөлмеген.
Әкімдік грантын алу үшін қандай құжаттар қажет?
- ЖОО-ның қабылдау комиссиясына білімі туралы құжат;
- ҰБТ сертификаты;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- жеңілдік санатын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда).
Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды.
Әкімдік гранттары оқу ақысын төлегенмен, стипендиясы болмауы мүмкін.
"Қазақстан халқына" қорының гранттарына кімдер ие бола алады?
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры 850 білім грантын бөлді. Конкурсқа биыл ҰБТ тапсырған және шекті балл жинаған талапкерлер қатыса алады.
- ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;
- жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- мүгедектігі бар азаматтар;
- мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
- 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
- төтенше жағдайлар кезінде қаза тапқан азаматтардның балалары.
Бағдарламаға 29 жасқа дейінгі (қоса алғанда) үміткерлер қатыса алады. Өтініштер ЖОО қабылдау комиссияларында 10-17 тамыз аралығында қабылданады. Мұнда грант иегері оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеуге міндетті емес.
Еске салсақ, 1 қыркүйетен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өсетінін хабарлаған болатынбыз.