Қыз ба, ұл ма? Әлемдегі ең алғашқы жынысы анықталмаған сәби тіркеуге алынды
Сегіз айлық Канада азаматы Сирил Доти ресми түрде әлемдегі жынысы анықталмаған алғашқы адам болуы мүмкін.
Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлайды.
Сәбиді белгісіз жыныс иесі ретінде тіркеуді әкесі Кори Доти талап етіпті. Кори де өзін не әйелге, не ерге жатқызбайды екен. Ол өзіне қатысты “олар” есімдігін қолдануды сұрайды.
Алғашқыда әкесі баланың құжатындағы «жынысы» деген қатардың мүлдем болмағанын қалапты. Алайда қазіргі уақытта Сирилдің медициналық картасында «ер» немесе «әйел» деген жазудың орнында «анықталмаған» деп жазулы тұр.
Осы үшін Сирилдің отбасы қиындықтарға тап болған екен. Себебі сәби Британдық Колумбияда (Канададағы елді-мекен) тіркелгендіктен, елдің өзге аймақтарында оның медициналық картасын қабылдамауы мүмкін.
Жіберіп алмаңыз:
Полицейлер темекі қалдығының арқасында адам өлтірген қылмыскерді тауып алды
Францияда бетперде киген қылмыскерлер мешітке келушілерге оқ жаудырды
Өліммен аяқталған демалыс: Қырғызстанда екі журналист Беш-Таш өзеніне батып кетті
Тәжікстанда 18 жастағы келін күйеуі оның пәктігіне күмәнданған соң өз-өзіне қол салды