Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құтқарушылардың жалақысы өскенмен, жұмысына сай келмейді - сенатор

Сенат депутаты Сергей Ершов премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында құтқарушылардың жалақысы өскенмен, жұмысына сай келмейтінін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

құтқарушы"Құтқарушының лауазымдық жалақысы ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 23%-ға өскенін есепке алғанда, 105 208 теңгені құрайды. Біздің ойымызша, мұндай қауіпті кәсіп қызметкері үшін бұл жеткіліксіз. Өйткені, бұл мамандар күн сайын құтқару жұмыстарын атқарады және өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді", - деді Сергей Ершов. 

Сенатор құтқарушылардың зейнетке 63 жасында шығуын да дұрыс емес деп санайды. Құтқарушыларға жасына қарай ауыр жүктемемен күресу қиындай түсетінін, ал қалпына келу үдерісі жылдарға созылатынын да атап өтті.

 "Құтқарушыларға мәртебесін арттыру мақсатында құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен Қарулы Күштердің әскери қызметшілері деңгейінде тұрғын үй төлемдерінің тәсілдері мен тетіктерін беру қажет деп санаймыз", - деді депутат.

Талқылау