"Құтқарушыларды күтуге болатын еді": ТЖД Алматыда тұрғын үйдегі өрт кезінде неліктен адамдардың терезеден секіргеніне түсініктеме берді
Алматы қаласында "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде 16 қабатты үйдің терезесінен жан сауғалаған тұрғындар секіріген еді. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың неліктен өрт сөндірушілер келгеннен кейін де секіргеніне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ТЖД бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Ерлан Әлібеков адамдардың түтін мен өрттен құтылу үшін терезеден секіріп қателескенін айтты.
"Өрт кезінде өте қиын жағдайлар орын алды. Тұрғындар арасында дүрбелең болды. Оларды үрейленбеуге шақырған едік. Балконға шығып, есіктерді жауып, көмек күтуге де болатын еді. Біз кеше үйлердің ішінде қатты түтіннің болмағанын көрдік. Мүмкіндік болғанда есікті жауып, құтқарушыларды күтуге болатын еді", – деді Ерлан Әлібеков.
Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер адамдардың терезеден секіріп жастқанына неге қарсылық танытпағанын айтты.
"Олар өрт сөндірушілер келгенге дейін секірген. Алғашқы бөлімшелер келген кезде оларда автоцистерналар болды. Олар өртті ғимараттың шығыс жағынан сөндіруге кірісті. Ал адамдар негізінен оңтүстік жағынан секірді. Жетекші оқиғаға баға берді. Жағдай оқиға орнында анықталып, өрттің таралу қаупі бар болғандықтан, барлық күштер шығыс жаққа жіберілді", – деп қосты Әлібеков.
Әлібековтің айтуынша, мұндай көпқабатты үйлерде өрт шыққан жағдайда тұрғындар сабыр сақтап, түтін шығармайтын баспалдақ алаңдарын пайдалануға тырысуы керек. Егер бұл жолдар шығуға мүмкіндік бермесе, онда мақта немесе дәке таңғышын сулап, пәтердің есігінен ең алыс жерге бару керек. Таза ауа ағыны бар балконға шығып, өрт сөндірушілердің көмегін күткен дұрыс.