Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жастар дүрбелеңге салынды": ТЖМ басшысы "Ақкенттегі" өртте қандай қателіктер жіберілгенін айтты

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысында 1 тамызда Ақкентте болған өрт оқиғасын зерттеу қажет екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Министр  өрт кезінде терезеден секірген Алматы тұрғындары қателікке бой алдырғанын мәлімдеді. Ведомство басшысы тұрғындар қауіпсіздік техникасын бұзып, өмірлеріне қауіп төндірді деп есептейді.   

"Ол кезде жергілікті халық дүрбелеңге салынды. Дегенмен біздің өрт сөндірушілер оқиға орнына уақытында келді. Өрт сөндірушілер пәтерге кіріп, терезеден секірмеген қарт әйелді эвакуациялады. Сол мезетте жас әйелдер секіріп кетті. Егде жастағы әйел құтқарылды, жастар дүрбелеңге салынып, құтқарушыларды күте алмады", - деді министр.

ТЖМ басшысы азаматтар қауіпсіздік техникасын сақтап, балконға шығып, құтқарушыларды күтуі тиіс еді дейді.

Құрылыс ережелерін бұзатын және өрт сөндірушілер үшін жеткілікті орын қалдырмайтын компанияларға қатысты тексеріс қажет екенін мәлімдеді.

Шәріпханов оқиғадан сабақ алып, мәселені жан-жақты зерделеп, халық арасында көбірек оқу-жаттығулар өткізу керектігін айтты.

Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматыда 16 қабатты үй өртенді. Тұрғындар өмірлерін арашалау үшін терезеден секіруге мәжбүр болды. Оқиға салдарынан 1 адам мерт болып, 43-і зардап шеккені мәлім болды.

 

Талқылау