Құтқарушылар пиротехниканың қаупін іс жүзінде көрсетіп берді
Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті пиротехниканың қаншалықты қауіпті екенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Видеода құтқарушы пиротехникалық бұйымдарды жағып, контейнермен жапқан. Әр фейерверктің қуаты контейнердің қаншалықты қашықтыққа ұшып кеткенінен көрінеді.
"Петардалардың негізін жанғыш заттар мен тотықтырғыштардан тұратын жарылғыш қоспалар құрайды. "Бомбочка" деп аталатын бұйымдардың өлшемі шағын болғанымен, олар өте қауіпті және жарақат әкелуі мүмкін", – деп түсіндірді ШҚО ТЖД мамандары.
Құтқарушылар пиротехниканы қолдану кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:
- Нұсқаулықты оқып шығыңыз;
- Ешқашан пиротехниканы балаларға сатуға немесе оларға қолдануға бермеңіз;
- Фейерверктң іске қосатын орынды дұрыс таңдаңыз. Бұл үлкен ашық алаң болуы керек, 50 метр радиуста ғимараттар, автотұрақтар және басқа өрт қаупі бар нысандар болмауы тиіс;
- Фейерверктерді ғимарат ішінде және жабық бөлмеде қолдануға болмайды;
- Күшті жел кезінде фейерверкті қолданбаңыз;
- Петардаларды адамдарға, жануарларға және автокөліктерге лақтыруға қатаң тыйым салынады;
- Білтеге от бергенде, отшашудың үстіне еңкеюге болмайды;
- Отшашу аяқталғаннан кейін оны сумен сөндіріңіз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"