Қытайлық спортшы сүйіктісіне Рио Олимпиадасында ұсыныс жасады
Қытайлық спортшы Цинь Кай үш метрлік трамплиннен суға секіруден Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, командадағы серіктесі Хэ Цзыға үйлену туралы ұсыныс жасады,- деп хабарлайды BNews.kz.
Цинь Кай салтанатты марапаттау рәсімінен кейін сүйіктісінің қасына келіп, тосын сый жасаған. Жігіттің ұсынысына қытайлық спортшы да келісімін берді.
Естеріңізге салып өтсек, Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындары 21 тамызда аяқталады. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2 алтын, 2 күміс, 4 қоламен 16-шы орында тұр.
Талқылау