Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық қыз әлеуметтік желіде көп лайк жинау үшін 2 миллион юань ұрлаған

Қытай қызы әлеуметтік желідегі жазылушыларының алдында мақтану үшін өзінің жұмыс берушісінен 2 миллион юань (290 мың доллар) ұрлап кеткен.

2_main.1483022622

Бұл туралы The South China Morning Post хабарлайды.

26 жастағы кассир қыз Вэньчжоу қаласындағы фирмалардың бірінде кассир болып жұмыс істеген. Төрт жыл бойы мекеменің қыр-сырына қаныққан қыз кассадан ірі көлемде ақша ұрлайды. Барлық ұрланған ақшаны ол қымбат опа-далап, парфюм, сөмке, киім алуға жұмсаған. Осылай сәндену арқыл ол әлеуметтік желіде көп лайк жинағысы келіпті.

Оның пәтерін тінту кезінде полиция мыңнан астам сәндік заттар тапқан. Оның көбісін қылмыскер қыз пайдаланбапты да.

“Мен экрандағы керемет суретті көргеннен кейін жедел түрде сондай заттар сатып алғым келді”, – дейді кассир қыз. Ол шамамен күн сайын 10 тапсырыстан беріп отырған.

Оқи отырыңыз:

Бойжеткен селфиге түсуге құмарлығының арқасында өз өмірін құтқарып қалды

Неміс қызы үш жыл бойы тырнағын алмай, оны 14,8 см-ге жеткізген (фото)

Бойжеткеннің смартфонға деген құмарлығының кесірінен омыртқасына зақым келген

4 күн бойы із-түссіз жоғалып табылған бүлдіршін мән-жайды өзі айтып берді (видео)

STAN.KZ
Жұма, 07 Сәуір, 2017 17:33
Талқылау