Қытайлық фанаттары Димаштың туған күніне Астананың барлық LED экрандарын жалға алды
Қытайлық «Guardians of Dimash» фанаттар тобы Димашты туған күнімен құттықтау үшін Астананың барлық LED экрандарын бір күнге жалға алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай, бүгін түнгі 00:00-ге дейін Астананың барлық LED экрандары тек қана Димаш туралы бейнероликтерді көрсетеді.«Шетелдік фанаттарға Астанадағы ең көрнекті LED экрандармен келісім жасауға қол ұшын создым. LED экрандарды бір күнге жалға алуға бір миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды, шығынның барлығын Димаштың өнерін ерекше бағалайтын қытайлық «Guardians of Dimash» фанаттар тобы өтеді», – дейді ЕҰУ-дың студенті Ақеділ Нұрболатұлы.
Айта кетейік, бүгін 23 жасқа толған қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтаулар жолданып жатыр. Бұған дейін америкалық актриса және модель Ева Лонгория мен әйгілі әнші Лара Фабианның құттықтауы жарияланған еді. Лара Фабиан құттықтауын «Happy birthday to you» әнімен жеткізген.
Тағы да оқыңыз:
Лара Фабиан мен Ева Лонгория Димашты туған күнімен құттықтады (видео)
Әлем фанаттары Димаштың туған күніне тосынсый әзірлеп жарысуда (фото, видео)
Димаштың өнеріне тәнті болған шанхайлықтар онымен бірге қазақша ән салды (видео)