Қытайлық бай азаматтар қазақ қыздарына құда түспек
Қазақстандық қыз-келіншектерге бай қытайлықтарға тұрмысқа шығу ұсынылды. Неке агенттігінің бірі лайықты кандидат тауып, онымен кездестіруге уәде беруде. Оның құны – 25 мың теңге. Қытайлық бай азаматтар қазақстандық қыздарға көз тігетіні белгілі болды.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
«Бұл Қытай. Пекиндегі элиталық «Бойдақтар клубы» Астанаға некелесу мақсатында келе жатыр. Осындай хабарлама бір аптадан бері ғаламторда кең тарап кетті. Онда 18- бен 40 жас аралығындағы қыз-келіншектерге құлаққағыс етеді. Елордалық неке агенттігі қыздарды бай қытайлықпен таныстыруға мүдделі. Анықтамалығына қарасақ, күйеужігіттің білімді екені, зиянды әрекеттермен айналыспайтыны, қалыңдығын Қытайға алып кетіп бар жағдайын жасауға дайын екені жазылған.
«Бұл азаматтардың бәрі Европада білім алған. Қытай, ағылшын, орыс тілінде сөйлейді. Олар Қытай, Жаңа Зеландия азаматтары. Өз кәсібі бар азаматтар қалыңдық іздейді», – дейді неке агенттігінің басшысы Татьяна Логвиненко.
Агенттік қалыңдықтарды анықтамасына қарай отырып, ішіндегі лайықтысын таңдайды. Кейін шетелдік азаматтар Қазақстанға келіп онымен кездеседі. Алайда, заңгерлер мұның жеңгетайлыққа ұқсастығын айтып, күмәнмен қарайды.
«Егер агенттік ер мен әйел бір-біріне психологиялық тұрғыда сай келе ме деп тексеретін болса, онда бұл нақты неке агенттіктерінің қызметі», – дейді заңгер-конфликтолог Олег Корчагин.
Заң бойынша елімізде мұндай агенттік қызметіне тыйым салынбайды. Алайда, мұндай ертегінің соңы жақсылықпен аяқталмай жататын кездер көп кездескен. Мәселен, Семей тұрғыны бес жыл бойы қытайлық азаматпен бірге тұрып, соңында баласымен ешкімге керексіз болып қалған еді. Күйеуі оған алимент те төлемеген.
«Өзге ұлтқа тұрмысқа шыққаннан бастап жаманатты бола бастайсың. Мен әлі күнге дейін туыстарыммен араласпаймын. Олар мені жиын-тойларына шақырмайды», – дейді Семей қаласының тұрғыны Ақмаржан.
«Мүмкін бұл жаман адамға ұрынып қалмас үшін ойластырылған жақсы ұсыныс шығар», «Неке қазақ пен шетелдіктің арасында жүреді. Онда тұрған ештеңе жоқ. Мен толенраттылықты қалар ем», – дейді сауалнамаға жауап берушілер.
Астанадағы неке агенттігі екі жылдан бері Қазақстан бойынша 100 жұпты некелестірген. Алайда, мұны мақтанышпен айта алмайды. Қытайлармен некелестіру жобасы үлкен нәтиже бермек. Оған сұраныс та көп болып шықты.
Жіберіп алмаңыз:
ІІМ: Біз әр пәтерді жеке-жеке тексермейміз
Қапшағайда бар ақшасынан айрылған азамат ойынхана қожайындарын полицияға ұстап беріп жатыр
Ақмола облысында жоғалып кеткен оқушының күйіп қалған денесі табылды