Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық әйелдің жүкті болғанына қазір 17 ай болған

Ван Ши өткен жылдың ақпанында құрсақ көтерген еді. Дәрігерлер әйелді 15 қарашада босанады деп жобалаған. Бірақ  әйелдің жүктілігі әлі жалғасып жатыр.

 жүкті

Қытайдың Хунань провинциясының  тұрғыны жүктілік уақытын ұзарту бойынша әлемдік рекордты жаңартты. Ван Шидің баланы құрсағында алып жүргеніне қазір 17 ай болды.

Бұл туралы People`s Daily басылымы жазды.

Жүктілігінің ұзаққа созылғанына алаңдай бастаған келіншек әр 7-10 күн сайын ауруханаға барып тексеруден өтіп тұруды әдетке айналдырған. Дәрігерлер баланың ана құрсағында жатқанына 14 ай болған кезде әйелді  ота арқылы босандырудан бас тартқан. Себебі, нәресте әлі дүниеге келетіндей толық жетіліп бітпепті.

«Мамандар бұған дейін іштегі баланың дұрыс жетілмеуіне байланысты 13 айдан кейін босанған әйелдердің болғанын айтады. Бұл жолы алғаш рет 17 айдан асқан жүктілікті көрген дәрігерлер қандай да бір тоқтамға келуге қорқып отыр»,-дейді жүкті әйелдің күйеуі .

Осындай келеңсіздіктер болғанымен  болашақ ана өзін жақсы сезінеді. Сөзінше жүктілігіне 18 ай болған кезде оны ота арқылы босандыру жоспарланып жатыр екен.

 

 

Талқылау