Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлар тісжегіге қарсы екпе жасап шығарды

Қытай ғалымдары тісжегіге қарсы екпе жасап шығарды. Олар екпенің арқасында тістің құртылуына әкеп соғатын микрофлоралардың жойылатынын анықтады. Қытайдағы Ухань вирусология институтының ғалымдары жүргізген зерттеу Scientific Reports журналында жарияланды.

karies1

Бұл туралы Медпортал басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Тісжегінің пайда болу себебі әлі күнге дейін нақты анықталмаған. Дәрігерлердің пікірінше, ауыз қуысындағы бұл қолайсыздықты тудырушы негізгі фактор Streptococcus mutans бактериялары болуы мүмкін. Бұл бактерия ауыз қуысында тастың, тісжегінің пайда болуына әкеп соғады, сондай-ақ, тіс эмалін зақымдайды екен.

Қытайлар екпені көртышқандарға салып, оның оңды әсеріне көз жеткізді. Екпе ағзадағы кариозды бактериялардың мөлшерін едәуір азайтатын болып шықты. Ғалымдар жақын арада екпені ерікті адамдарға салып көрмек ниетте.

 

Жіберіп алмаңыз:

Америка азаматы Алматыға келіп жүрегіне операция жасатты

Атырауда медбикенің ақылға сыйымсыз әзілі тұрғындардың наразылығын тудырды

Дәрігерлер 20 жастағы бойжеткеннің асқазанынан килограммға жуық шаш алып шықты

Ажарынан айырылған Мәдина Садуоваға алғашқы пластикалық ота жасалды

Талқылау