Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлар қазақтың киіз үйінің қыр-сырын меңгеруге құмартып жүр

Қытайда қазақтың киіз үйіне сұраныс көп. Олар сол жақтағы қандастарымызды қолқалап, киіз үй жасаудың қыр – сырын меңгеруге құмар.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Ал ұлттық құндылығымызды ұлықтаған шеттегі қазақтар осы кәсіпті дамытуға ерекше ден қойып отыр, деп хабарлайды 31 арна.

Киізіне күйе түспейтін, елу жылға дейін жықпай жарамды болатын қазақ үйді жасап шығаруда.

Сан ғасыр көшпелі елдің баспанасы болған киіз үй соңғы жүз жылдың жұқанасында тұрмыс  -тіршілігімізден тыс қалды. Бір қызығы сол көнені қайта кәдеге жарату Қытайда қарқын алған. Заманауи жетілдірлген. Алғаш шағын цех болып ашылған серіктестіктердің алды қазір ірі кәсіпорынға айналған.

“Тапсырыс Шыңжаң көлемінде, онымен бірге ішкі өлкелерден тапсырыс бар. Бейжің, Сая, Жухай, Найнтин қаласына қазақ ауылын құрып болдық қазір. Осындай сұраныстар өте көп. Алармандарымыздың ойы да Қазақ ауылдарды барлық жерге таратқысы келеді”, – дейді «Тасбұлақ ұлттық киім-кешек» кәсіпорнының басшысы, ақын Жеңіскүл Нұрдана.

Әрине, қазақтың ұлттық брендін ұшпаққа шығаруда көрші елдің есебі түгел. Аз ұлтқа қамқорлық көрсету арқылы пайда табу. Мәселен, мына кәсіпорында қазір 550-ге жуық адам еңбек етеді. Небәрі он жылда 35 миллион юаньды құрайтын тұрақты мүлкіне ие алып, кәсіпорынға айналған.

“Осы жетістікке жету үшін алдымен киіз үйдің кемшілігімен айналыстым. Өйткені киізге құрт түседі, қыста жиып аласың. Жауын өтіп кетеді. Міне қазір біз осы қиындықтардан астық. Біздің үйден жауын өтпейтін болды. Міне осы үйге үш жыл болды әдемі тұр. Шіріген киіз жоқ”, – дейді «Тасбұлақ ұлттық киім-кешек» кәсіпорнының басшысы, ақын Жеңіскүл Нұрдана.

Осылайша киіз үй арқылы жұмыс орны мен пайда көзін тапқан қытай саяхатшыларды да қызықтырып қойған. Мұнда тек малшының лашығы емес, хан ордасы, аңшының, серінің және үлкен үй сынды сан түрлі киіз үй жасалынады. Ішкі жиһаздар да үйдің санатына қарай таңдалады. Соңғы жылдары Қытайдан қазақтың үйін қазақстандықтар да аттай қалап алдыртып жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда жерлеу рәсімі мен ас беру тәртібі енгізілді

Ақтауда бір топ жігіт ер адамды соққыға жығып, пышақтап кетті (видео)

Маңғыстаулық жігіт өзінен теріс айналған сүйіктісі мен оның інісін атып тастады

Талқылау