Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдың тау бөктерінде орналасқан алып үңгірінде 100-ге жуық адам мекен етеді (фото)

Қытайдың Гуиджоу кентінде орналасқан Чжундун ауылы осы елдегі үңгірде жалғыз қоныс. Теңіз деңгейінен 1800 метр биіктікте орналасқан бұл қонысқа тек жаяу көтерілуге болады.

2107

Фото: Bored Panda

Үңгірге жету үшін бір сағат уақыт кетеді. Бұл жергілікті тұрғындар үшін ауырға соғады.

1154
Үңгір тау бөктерінде орналасқан. Мұнда тек жаяу көтерілуге болады.

Үңгірде шамамен 100 адам тұрады.

379
Ең жақын базарға жету үшін тұрғындар тау ішімен 1,5 сағат жаяу жүреді. Сол себепті үңгір тұрғындары мал өсірумен айналысады.

459
Сорақысы сол, Қытай басшылығы: «Қытайлықтар – үңгір халқына жатпайды» деп 2011 жылдың басында ауылдағы мектепті жауып тастады. Соның салдарынан күн сайын оқушылар басқа мектепке жету үшін екі сағат жаяу жүруге мәжбүр.

551

Ауылдағы тұрмыс жағдайын жақсарту үшін ақсақалдар қауымы жергілікті билік өкілдерін жол салып беруге көндіруге тырысты. Чжундун ауылына телеарна тартылған. Ара-тұра газет те жеткізіліп тұрады. Ал бірақ аталмыш елді-мекен бүкіл әлемнен жырақталған.

651

Ауылда баскетбол ауласы бар.

Жіберіп алмаңыз:

Аргентиналық өркениет жетістіктерін тұтынбай 40 жылдан бері үңгірде өмір сүріп келеді (фото)

Қоңыр Әулие  үңгіріне бала сұрап, арақ, нашаны қою үшін баратындар көбейген

Мысыр үңгіріндегі  кішкентай алақан іздерінің құпиясы ашылды

Талқылау