Мысыр үңгіріндегі кішкентай алақан іздерінің құпиясы ашылды
Ежелгі үңгірдегі кішкентай алақан іздерінің құпиясы ашылды. Ғалымдар Мысыр еліндегі Вади Сура ІІ үңгірі қабырғаларындағы кішкентай «қолдардың» іздері адамдыкі емес екенін анықтады.

Сурет: depositphotos.com
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Зерттеушілер көне суретшілердің осындай суреттерді жануарлардың көмегімен жасағанын шамалап отыр.
Ливия шөліндегі Вади Сура ІІ үңгіріндегі тасқа салынған суреттер 2002 жылы анықталған. Олардың барлығы 8 мыңнан астам жыл бұрын жасалған. Мұндағы көптеген суреттер жануарлардыкі болған соң ғалымдар бұл орынды жануарлар үңгірі деп атаған.
Алайда жануарлардың суреттерінен басқа үңгірдің қабырғаларында қол іздері, соның ішінде өте кішкентай қолдардың іздері бар. Зерттеушелер бұл жаңалыққа қуанып қалды, себебі бұрын балалар қолдарының іздері тек австралиялық жартас суреттерінен ғана табылған болатын.
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.