Қытайдан келген оралман жазықсыз сотталған әкесіне көмек сұрап елбасыға үндеу жолдады (видео)
30 жастағы Жұмадан Жарқымбекұлы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бейнеүндеу жолдады.
Жұмаданның өзі бұрын Қытай азаматы болған. Бірақ, біраз уақыт бұрын ол және кіші інісі Қазақстан азаматтығын қабылдайды.
Жарқымбекұлының сөзінше, оның 56 жастағы әкесі Жарқымбек Қасымбайұлы Қытай азаматтығын сақтаған. Алайда балаларының Қазақстан азаматы атанып кеткені үшін ата-анасын Қытайда 10 жылға соттаған.
“Мен Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан, ҚР сыртқы істер министрлігінен, Қазақстанның қоғам қайраткерлерінен Қытайда жазықсыз 10 жылға сотталған әкеме араша болуларын сұраймын. Мен Жұмадан Жарқымбекұлы ҚР азаматымын. Менің әкем 56 жастағы Жарқымбек Қасымбайұлы Қытай елінің азаматы. Ол кісі зиялы қауым өкілі әрі зейнеткер. 2017 жылдың 28 шілдесінде оны 10 жылға соттап жіберді. Әкеме тағып отырған айыптары мен және кіші інім Айтуған Жарқымбекұлының Қазақстан азаматтығын қабылдап алуымыз екен. Ал Қазақстан азаматтығын інім екеуміз шын мәнінде өз еркімізбен қабылдаған едік. Бұл ешқандай халықаралық заңнамаларға қайшы емес. Ал олардың әкемді жазықсыз 10 жылға соттауы халықаралық заңнамаларға қайшы келіп отыр. Сондықтан Мен Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан, ҚР сыртқы істер министрлігінен, Қазақстанның қоғам қайраткерлерінен Қытайда жазықсыз 10 жылға сотталған әкеме араша болуларын тағы да өтініп сұраймын”, – дейді Жұмадан.
Оқи отырыңыз:
Алматыда қытайларға қызмет көрсететін элиталық жезөкшелер ұсталды (фото, видео)
Алматыда қыз алып қашудың соңы тоймен емес, қазамен аяқталды
Биыл медициналық мамандықтарға 3 мыңнан астам білім гранты бөлінді
Ақтөбеде баспанасы бір сәтте өртеніп кеткен көпбалалы отбасы далада түнеп жүр (фото)