Қытайдағы ең бай әйел төрт күнде 2 миллиард доллар тапты
Қытайдағы ең бай әйел Ян Хуэйянь 2018 жылы 2,06 миллиард долларға байыды. Bloomberg сарапшы мамандарының есебіне сүйенсек, биржадағы жұмысының арқасында Хуэйян қаржысын $23,6 миллиардтан $25,6 миллиардқа дейін жеткізген.
Бұл туралы РБК басылымына сілтеп Stan.kz хабарлайды.
Bloomberg миллиардерлер тізімінде (Bloomberg Billionaires Index) Хуэйянь 31-орынға көтерілді. Осылайша ол 2018 жылы табысын көбейткен кәсіпкерлердің үздік ондығына кірді.
Сондай-ақ, Хуэйянь Қытайдағы ең жас миллиардерлер тізімінде 5-орында тұр. Бұл “бәсекеде” ол Ван Цзяньлинге есе жіберіп қойды.
Айта кетейік, 2017 жылдың соңында UBS пен PwC сарапшылары жариялаған зерттеу нәтижесіне сәйкес, тарихта алғаш рет Азия миллиардерлерінің саны АҚШ-тан асып түскен.
Жіберіп алмаңыз:
Циркте өнер көрсетіп жатқан гимнаст қыз биіктіктен жерге құлап кетті
104 жастағы кейуана ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Балалар үйінің қызметкерлері 118 баланы жасырын зорлап келген (фото)
Жігіттің соңғы тілегі орындалып, 2 күннен кейін қайтыс болды