Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлықтар жерлеу рәсіміне көп адам келу үшін стриптиз билейтін қыздарды жалдайды

Қытай үкіметі ауыл тұрғындарынан жерлеу рәсімінде стриптиз билейтін қыздарды жалдамауын сұрады.

Бұл туралы The Times басылымына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Хэнань, Аньхой, Цзянсу және Хэбэй провинцияларында стриптиз билейтін қыздардың қажет екенін хабарлап тұратын желілер жұмыс істей бастады.

Ауыл тұрғындары жерлеу рәсіміне көп адам келу үшін стриптиз билейтін қыздарды жалдайды. Бұл өңірде өлімге келетін адам саны қайтыс болған адамның о дүниедегі әл-ауқатына тікелей әсер етеді деп саналады.

Билік мұндай дәстүрден қытай халқының азғындап бара жатқанын айтты. Атап айтқанда, шенеуніктер бұл көріністі балалар да көреді деп алаңдап отыр.

2015 жылы Қытай үкіметі жерлеу рәсімінде стриптиз көрсетуге тыйым салды. Ал осындай көріністерді ұйымдастырғандар 15 күн әкімшілік қамауға алынып, шамамен 11,3 мың долларға дейін айыппұл төледі.

Айта кетейік, бұл дәстүрдің таралуы 1990-шы жылдары басталды. Жерлеу рәсіміне бишілерден басқа әншілер де шақырылады екен.

Жіберіп алмаңыз:

Ванна қабылдап денесі көгеріп кеткен қыз желідегілерді таңғалдырды

Дәрігерлер өзінің әулиелігі барын айтып сендірмек болған жеткіншектің өтірігін әшкерелеп берді

Ата-анасы өлдіге санаған бала жеті жыл бойы интернатта тәрбиеленген

Жұртты мүшеқапсыз ләззат алуға шақырған президент елді дүрліктірді

Талқылау