Үйге барар жол: оралман Қытайдан Қазақстанға дейін трактормен бір апта жүріп келді
Қытайда тұрған қазақ Адал Хамитхан Қазақстанға оралу үшін трактормен бір апта жүріп келді. Бұл туралы pavlodarnews.kz. хабарлады.
Фото: pavlodarnews.kz
Қоныс аударушылардың үйіне Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов кіріп шықты.
Еске сала кетейік, алқа мәжілістерінің бірінде аймақ басшысы Ертіс өңіріне келген оралмандардың жағдайымен танысуға уәде берген.
“Мен әрдайым балаларым өз Отанымда тұрса екен деп армандайтын едім Алғаш рет Павлодар облысына сәуір айында келген едім. Жергілікті билік өкілдерімен сөйлестім. Сосын жазда отбасымды алып келдім. Мұнда жер жақсы. Қытайда да Ертістің жағасында тұрған едік. Мал шаруашылығы үшін өте қолайлы. Сондықтан осы жерді таңдадық ”, – дейді Адал Хамитхан.
Биыл жазда Адал Хамитхан екі ұлы мен әйелін Павлодар облысына автобуспен жіберген. Ал, өзі жолдастарымен бірге трактормен келген. Олар бір апта тоқтамай жүріп отырып, Ольгино ауылына да жеткен.
Қытайдағы барлық мүлкін сатып, Успен ауданының Ольгино ауылынан екі миллион теңгеге үй сатып алған. Ол 7 млн теңгеге шаруашылығын ашты.
Қазіргі уақытта қоныс аударушылар квота алу мақсатында құжаттарын рәсімдеп жатыр. Бұл қаржы Қытай мен Павлодар облысының арасындағы жол шығынына ғана жетеді.
Енді Адал Хамитханнан үлгі алған Қытайдағы туыстары да Қазақстанға көшіп келуге бел байлап отыр.
Тағы оқыңыз:
Назарбаев: мемлекет халқына тегін баспана беруге міндетті емес
Полицейлер жұмыс арасында құстар сайрап тұрған бөлмеде, арнайы кереуетте ұйықтап алатын болды
Назарбаев Фурманов көшесінің атауы туралы: мұның барлығы бос әурешілік
Қазақстандағы ең көп пара алатын мемлекеттік органдар белгілі болды