Қытайда төртемге Солтүстік, Оңтүстік, Батыс және Шығыс деген есім қойылды
Қытайлық Жичжао қаласында төртем дүниеге келді. Оларды ата-анасы Сяодун (Шығыс), Сяонань (Оңтүстік), Сяоси (Батыс) және Сяобэй (Солтүстік) деп атады.
Сәбилердің анасы 27 жастағы Ли Цзюань мен оның жары балалы болуды бұрыннан армандаған. Олар отасқалы бірнеше жыл болды, алайда Ли Цзюань бала көтере алмады. Дәрігерлердің нұсқауымен қытайлық дәрілік препараттарды қабылдай бастады. Сөйтіп өткен жылдың қарашасында жүкті болды.
Жүктіліктің тоғызыншы аптасында оларға төртем туатынын айтқан. Сөйтіп 4 шілдеде ,жүктіліктің 33-ші аптасында екі қыз бен екі ұл дүниеге келді.
Олар мерзімінен бұрын туды. Ең кішкентайының салмағы шамамен 1,75 кг болды. Енді шақалақтар бір айдай интенсивті терапия бөлімшесінде болмақ, деп жазды informing.ru.
Талқылау

"300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін барады”: Қазақстандықтар өлімнен кәсіп істеп отырғандардың әрекетіне наразы
Жерлеу рәсімі, кебін, табыт, тас – бәрі қымбат.

“Тоқаев билігіне ықпал етуді көздеп отыр”: Сарапшылар Назарбаев пен Путиннің кездесуі туралы не ойлайды
Кездесуде қандай мәселе талқыланғаны туралы мәлімет жарияланбады