Қытайда терезеден лақтырылған бөтелке үшін үйдің бүкіл тұрғындары айыппұл төледі
Қытайда тұрғын үйдің 448 тұрғыны лақтырылған бөтелке үшін айыппұл төлейтін болды. Екі жасар қыздың басына бөтелке тигеннен кейін Қытай соты осындай шешім шығарды.
Бұл туралы China Daily басылымы жазды.
Оқыс оқиға кезінде жеткіншек аулада ойнап жүрген. Қыздың басына бөтелке түсіп кетіп, оның бас сүйегін зақымдаған. Соққыдан қыз ес-түсін жоғалтып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қыздың ем-домына ата-анасы шамамен 80 мың юань ақша жұмсаған.
Жапа шеккен ата-ана кінәліні анықтауға тырысқанымен, олардың мұнысынан ештеңе шықпады. Одан кейін өтемақы ретінде 300 мың юань көлемінде ақша талап етіп, барлық 448 тұрғынның үстінен арызданған.
Сот үйдің әрбір тұрғыны 360 юань көлемінде өтемақы төлейді деп шешім шығарды. Басылымның хабарлауынша, сот отырысына қатысқан үй тұрғындары соттың шешімімен келіскен.
Жіберіп алмаңыз:
Туған ағасына тұрмысқа шыққалы жатқан қыз жұрттан ақыл сұрады
АҚШ-та дау туғызған сайлау қайта есептеліп қорытындысы жарияланды
Киев тұрғыны үш бірдей туысын бөлшектеп өлтіріп, ет консервілерін жасаған