Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда ойын ойнап отырған Samsung смартфонынан от шығып жанып кетті

Бұл Қытай жерінде болып тұрған алғашқы жағдай. Оқиғаға байланысты Samsung Electronics бұл екі оқиғаның біреуін тергеуге кірісіп кеткендігін мәлімдеді.

samsung-note-2

Ал осыдан бұрын Оңтүстік Кореяның атақты өнім өндірушісі Қытай жеріне сатылған Galaxy Note 7 смартфондары қолданыс үшін қауіпсіз екендігін айтқан еді. Бірінші оқиға барысында телефон қызып кетіп, өздігінен вибрация берген. Артынша жарылыс болып, өрт шықты. Ал екінші оқиға кезінде смартфонда ойын ойнап отырған кезде ол жана бастаған, деп жазады TheSeattleTimes. Осыған байланысты компания Қытай жеріне сатқан 1858 дана Samsung Galaxy Note 7 смартфонын кері қайтарып алатын болды.

Сондай-ақ Оңтүстік Кореяның өзінде батареясы өртенген осы смартфондарды жаңа телефонға ауыстырып беру басталды.  Қазір Samsung сатылғанына көп уақыт өте қоймаса да, атышулы болған Galaxy Note 7 қалта телефонын сатуды әлемнің 10 елінде тоқтатты.

Жіберіп алмаңыз:

Samsung “Galaxy Note 7” смартфондарының өздігінен жарылатынын айтты

Көлікте қуаттауға қалдырған Samsung Galaxy Note 7 смартфоны жарылып, автокөлік өртенді

«Эйр Астана» Galaxy Note 7 телефонын бортта қосуға және жүкке тапсыруға тыйым салды

Талқылау