Қытайда ер адам смартфонды ұрлай салысымен бірден полиция бөлімшесіне қарай жүгірген
Қытайда көше ұрлықшысы ұрлық жасай сала ұятқа қалды. Ол затты ұрлап бола салысымен бірден полицияға ұсталған.
Ол өзінің сары түсті велосипедін өзінің болашақ құрбандығының қасына қояды да, тротуарда смартфон ұстап тұрған әйелге қарай беттейді. Сосын дереу ұялы телефонды тартып алады да қаша жөнеледі. Әйел ізінен тұра қуғанымен құлап, жете алмай қалады.
Алайда ұры оңбай қателесіп, көшені кесіп өтіп тура полиция бөлімшесіне қарай тартқан.
“Әдетте ұрылар өте қу болады. Ал мына ұры смартфон ұрлады да тура бізге қарай жүгірді. Біз оны сол жерде ұстап алдық. Сірә, ол өзінің қай аумақта екенін нақты аңғармай қалса керек”, – дейді полицей.
Ұрланған телефон бірден иесіне қайтарылып, ал ұрыны тұтқынға алған. Ұрлығы сәтсіз аяқталған ер адам 38 жастағы жұмыссыз адам екен. Ол қалаға жақында ғана келгендіктен, шаһарды дұрыс білмеген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”