Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда балабақша тәрбиешілері балаларға күш көрсетіп, мазақ етті деп күдіктелуде

Балабақшада 8 бүлдіршін тәрбиешілерден қиянат көрген.

Көрнекі сурет: ForumDaily

Қытайдың Пекин қаласында ата-аналар балаларының денесіндегі көгерген іздерді көріп шағым айтты. Тәрбиешілердің балаларға белгісіз дәрі мен сироптар бергені анықталды.

Тәрбиешілер сөзін тыңдамаған балаларды жалаңаштап қараңғы бөлмеге қамаған. Ата-аналар балаларының зорлық құрбаны болуы мүмкін екенін де айтуда. Бұл іске күдіктелген тәрбиешілер жұмыстан шығарылған.

Қаланың білім басқармасы тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл іске полицейлер де араласты.

Бұл RYB Education холдингіне жататын қаладағы ең үлкен балабақшалардың бірі. Компания иелігінде 80 балабақша бар. Одан өзге 175 балабақша өзге қалаларда жұмыс істейді.

Тағы да оқыңыз:

Жаяу жүргінші 9-қабаттан құлаған әйелді қолымен қағып алып құтқарды (видео)

Адам есімінің тағдырына әсер ететіні рас па?

5 жасар қыз кір жуғыш машинада тұншығып өлді

Талқылау