Қытай спортшыларының бірдей екенін айтқан комментатордың басы бәлеге қалды
Австралиялық комментатор трамплиннен секіру жарысы кезінде қытай спортшыларының бір-бірінен айырмашылығы жоқ екенін айтты.
«Қытайлар бір-біріне ұқсайды. Кмнің кім екенін айту өте қиын», – деді комментатор Джеки Купер жарыс жолын аяқтаған қытайлық спортшылардың бірін көріп.
@Джеки Купер
Оның бұл сөзі желі қолданушыларының наразылығын туғызды.
«Австралиялық комментатор қытайлардың бір-біріне ұқсайтынын айтты. Ұлттық телеарнадан. Аяқта», – дейді ашулы желі қолданушысы Джеймс Свинбанкс
Телеарна өкілінің түсіндіруінше, жүргізуші артық ештеңе айтқан жоқ.
«Ол Қытай құрамасы спортшыларының түрлерін емес бірдей киімін айтқысы келді», – деп жазған арнаның желідегі пікірінде.
Кейін, комментатор олардың бірдей техникасы туралы айтқанын түсіндірді.
Пхенчхандағы қысқы Олимпиада 25 ақпанға дейін болады.
Тағы оқыңыз:
Мәскеу маңында планшетін тоққа қойып суға түскен жасөспірім қайтыс болды
Ресейдегі ұшақ апаты: Ұшқыштар апат алдында ұрсысып қалған
Іздеуде жүрген 29 жастағы үй күтушінің мәйіті мұздатқыштан табылды