Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай соты өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқынға қатысты шешімді өзгертті

Бүгін есірткі заттарының контрабандасы  бойынша айыпталған Қазақстан Республикасының азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қылмыстық ic бойынша Қытай Халық Республикасының Гуандун соты апелляциялық сотының шешімі жария етілді.

akzhar

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Сот А. Тұрлыбайға бұрын тағайындалған өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы бірінші инстанциядағы сот шешімінің күшін жою және істі бірінші сатыдағы сотқа қайта қарауға жіберу туралы шешім шығарды. Гуандун сотының қаулысы шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды және дереу күшіне енеді», – делінген баспасөз баянында. Шешімді жариялау отырысына ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі, Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің консулы Сырлыбаев, адвокат Нұрмағамбетов және қытайлық адвокаттар Сяо Чжаньдэ мен Фэн Чжицзянь қатысқан.

Естеріңізге сала кетейік, 20 жастағы қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоу әуежайында 2014 жылғы наурызда ұсталған. Тұрлыбайдың айтуынша, оған есірткіні клубта кездейсоқ танысқан адамдар салып жіберген. Қазақстандыққа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілген болатын.

 

Талқылау