Қытай қыздары қазақша ән шырқап Димашты финалға шығарып салды (видео)

Димаштың қытайлық жанкүйерлері “Дайдидау” әнін шырқап, сәттілік тілеп финалға шығарып салды.

555

Бұл туралы әншінің директоры Алпамыс Шәрімов өзінің Инстаграмдағы парақшасында жария етті. Онда жанкүйерлері хормен “Дайдидау” әнін орындайды.

“Осылайша, Димашты фанаттары қазақ әнімен үйінен ақтық мәреге сәттілік тілеп шығарып салды!.. Тілектес болыңыздар!!!” деп жазды Алпамыс.

Фанаттардың қолында түрлі плакаттар, жазулар және Димаштың суреттері. Олар әншіні қаумалап алып, әнмен сәттілік тіледі. Оң соңында барлығы бірдей “Димаш, Алға!” деп ұрандатады.

Еске сала кетсек, “Мен әншімін” жобасының финалы бүгін Астана уақытымен 20:00-де басталады. Димаш Құдайбергеноы Лаурэ Шанг есімді танымал әншімен бірге дуэт орындайды.

Оқи отырыңыз:

Тыңдармандар Серіктің жары Айнамкөздің жүкті екенін байқап қалды (фото)

Ернар Айдар есін жиды

Өнер әлемінің “қаймақтары” Гүлзира Айдарбековаға не сыйлады? (фото, видео)

Елімізде “Ninety one” тобының қыздарша нұсқасы пайда болды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр